27 Наурыз, 2015

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

232 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ Семей филиалы 2015 жылғы 14 сәуірде сағат 10.00-ден бастап www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында мемлекеттік республикалық меншіктегі объектілерді сату жөнінде аукцион өткізу туралы хабарлайды Республикалық меншіктегі объек­тілерді сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 қаулысымен бекітілген Жеке­шелендіру объектілерін сату қағи­дасына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес өткізіледі. 1. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі­мен аукционға республикалық мен­шіктегі мына объектілер қойы­лады: 1.1. Қазақстан Республикасы Энер­­гетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқы­ғындағы республикалық мем­ле­кеттік кәсіпорны теңгері­міндегі (ШҚО, Курчатов қ., Крас­но­армейская к-сі, 2-үй, 054Б ғимараты): 1.1.1. Мемлекеттік нөмірі 259AR16, 1987 жылы шығарылған ЛАЗ-699p автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 169 000 теңге. Кепілді жарна – 25 350 теңге. 1.1.2. Мемлекеттік нөмірі 290АN16, 1997 жылы шығарылған ГАЗ-3110 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 165 000 теңге. Кепілді жарна – 24 750 теңге. 1.1.3. Мемлекеттік нөмірі 256АR16, 1987 жылы шығарылған ПАЗ-672 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 117 000 теңге. Кепілді жарна – 17 550 теңге. 1.1.4. Мемлекеттік нөмірі 257АN16, 1997 жылы шығарылған «Shevrolet Lumina» автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 194 000 теңге. Кепілді жарна – 29 100 теңге. 1.1.5. Мемлекеттік нөмірі 275АN16, 1988 жылы шығарылған «Volkswagen Passat» автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 185 000 теңге. Кепілді жарна – 27 750 теңге. 1.1.6. Мемлекеттік нөмірі 260АN16, 1996 жылы шығарылған «Volkswagen Passat» автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 315 000 теңге. Кепілді жарна – 47 250 теңге. 1.1.7. Мемлекеттік нөмірі 511АN16, 1987 жылы шығарылған «Jeep Cherokee» автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы және бастапқы бағасы – 177 000 теңге. Кепілді жарна – 26 550 теңге. 2. Сауда-саттықтың голланд әдісімен аукционға республикалық меншіктегі мына объектілер қойылады: 2.1. Қазақстан Республикасы Энер­гетика министрлігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқы­ғындағы республикалық мемле­кеттік кәсіпорны тең­ге­ріміндегі (ШҚО, Курчатов қ., Крас­ноармейская к-сі, 2-үй, 054Б ғи­мараты): 2.1.1. Мемлекеттік нөмірі 658 АВ16, 1988 жылы шығарылған УАЗ-2206-01 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы бағасы – 156 000 теңге. Бастапқы бағасы – 780 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 105 366,43 теңге. Кепілді жарна – 23 400 теңге. 2.1.2. Мемлекеттік нөмірі 208АЕ16, 1990 жылы шығарылған КАВЗ-3270 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы бағасы – 143 000 теңге. Бастапқы бағасы – 715 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 96 585,90 теңге. Кепілді жарна – 21 450 теңге. 2.1.3. Мемлекеттік нөмірі 671АВ16, 1978 жылы шығарылған ПАЗ-672м автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы бағасы – 136 000 теңге. Бастапқы бағасы – 680 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 91 857,92 теңге. Кепілді жарна – 20 400 теңге. 2.1.4. Мемлекеттік нөмірі 687АВ16, 1985 жылы шығарылған ЛАЗ-695н автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы бағасы – 148 000 теңге. Бастапқы бағасы – 740 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 99 963,03 теңге. Кепілді жарна – 22 200 теңге. 2.1.5. Мемлекеттік нөмірі 453АЕ16, 1986 жылы шығарылған УАЗ-3741-01 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы бағасы – 176 000 теңге. Бастапқы бағасы – 880 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 118 874,95 теңге. Кепілді жарна – 26 400 теңге. 2.1.6. Мемлекеттік нөмірі Ғ659AMD, 1986 жылы шығарылған ЭО4321 экскаваторы. Орналасқан жері – ШҚО, Курчатов қ. Алғашқы бағасы – 254 000 теңге. Бастапқы бағасы – 1 270 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 171 558,17 теңге. Кепілді жарна – 38 100 теңге. 2.2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемле­кеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының теңге­ріміндегі: 2.2.1. Мемлекеттік нөмірі 621АВ16, 2002 жылы шығарылған УАЗ-31519 автокөлігі. Орналасқан жері – ШҚО, Семей қ., Глинка к-сі, 20. Алғашқы бағасы – 177 000 теңге. Бастапқы бағасы – 885 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 119 550,38 теңге. Кепілді жарна – 26 550 теңге. 2.3. «ҚР ІІМ ШҚО ІІД Семей қаласы ішкі істер басқармасы» ММ-нің теңгеріміндегі: 2.3.1.Семей қаласының Затон полиция бөлімінің ғимараты, жалпы ауданы 1181,1 ш.м. Алғашқы бағасы – 18 155 000 теңге. Бастапқы бағасы – 90 775 000 теңге. Ең төменгі бағасы – 5 132 977,02 теңге. Кепілді жарна – 2 723 250 теңге. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион бастал­ғанға дейін екі сағат бұрын 2015 жыл­ғы 14 сәуірде сағат 8.00-де аяқ­талады. Кепілді жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ (бұдан әрі – бірыңғай оператор) есебіне БСН 050540004455, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, банк атауы «Қазкоммерцбанк» АҚ, ТТК 171, БеК 16 (төленген кепілді жарна көлеміне банктік қызмет кірмейді). Аукционға қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда); 3) кепілді жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін; 4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail). Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде Тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының электрондық-цифрлық қолтаңба қойылған аукционға қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сәйкес объект бойынша Тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет. Аукционға қатысуға өтінім тіркел­геннен кейін Тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің Тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді. Назар аударыңыз! - қатысушының Қағиданың 23-1 және 23-2-тармақтарында көрсе­тілген талаптарды сақтамауы, сон­дай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көр­сетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі Тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады; - Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, Тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукцион­ға және коммерциялық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, Тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады; - жылжымайтын мүлікті жеке­шелендіру кезінде Қазақстан Респуб­ликасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақ­стан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша Тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Аукционға жіберілген қатысушыға Тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі. Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбасы мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады. Сауда-саттықтың ағылшын әдісі бойынша аукцион өткізу тәртібі: 1) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілмеді деп танылады; 2) егер аукцион залында аукцион басталған сәттен бастап жиырма минут ішінде қатысушылардың біреуі Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растайтын болса, онда бастапқы баға белгіленген қадамға артады; 3) егер ағымдағы баға артқаннан кейін жиырма минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісінің ағымдағы құнын арттыру жолымен жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, онда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін соңғы растаған қатысушы жеңімпаз болып танылады, ал осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады. Жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен аукцион қатысушылардың біреуі ұсынған ең жоғары бағаға дейін жүргізіледі. Жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы бағаны арттырудың кемінде екі қадамына өскен жағдайда ғана жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтың ағылшын әдісімен аукцион өткізілді деп танылады, бұл ретте бастапқы бағаның екі қадамға өсуін кемінде екі қатысушы жүзеге асырады. Сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион өткізу тәртібі: 1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы Қағиданың 36-6-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды; 2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды. Жарияланған баға бойынша жеке­шелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы сауда-саттықтың голланд әдісі бойынша аукцион жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілді деп танылады; 3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеді деп танылады. Қағиданың 36-4-тармағының төр­тінші бөлігінде, 36-5-тармағында, 36-7-тармағының 1) тармақшасында және 36-8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы Тізілімнің веб-порталынан басып шыға­рылатын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды. Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, сауда-саттық өткізілген күн ішінде Тізілімнің веб-порталында қол қояды. Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына аукцион өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде Семей қаласы, Интернационал көшесі, 38, 3-қабат, 308-кабинет мекенжайында қол қойылады. Аукционның жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сату­шыға салыстыру үшін мынадай құжаттардың: 1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың; заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; 2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары салыс­тырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады. Қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан арқылы және 8 (7222) 525309, 523266, 568265 телефондары арқылы алуға болады.