ӨСКЕМЕН. 26 ақпан. Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың 90 жылдығына орай шахматтан турнир өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аудандық ардагерлер үйінде «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының Бесқарағай аудандық филиалының қолдауымен өткен турнирге бастауыш партия ұйымдарының командалары қатысты. Олардың ішінде Бесқарағай, Жетіжар, Глуховка, Канонерка, Қарабас, Баскөл, Кіші-Владимировка сайлау округтерінің бастауыш партия ұйымдары бар.
«Мақсатымыз – тұрғындардың шахмат ойынына қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сондай-ақ Бесқарағай ауданынан шыққан әйгілі жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың ерлігіне тағзым етіп, бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмір сүруі жолында қан кешкен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету», – деді «Нұр Отан» партиясы Бесқарағай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Омаров.
Ойын нәтижесінде І орынды – №2 Бесқарағай сайлау округі, ІІ орынды – № 5 Глуховка сайлау округі, ІІІ орынды – №1 Баскөл ауылдық округінің бастауыш партия ұйымдары алды. Қатысушы командалар мақтау қағаздарымен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.
«Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аға ұрпақтан өнеге алу іспетті тағылымды дүние осындай шаралардан бастау алады. Сондықтан Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаныңда шахматтан турнир өткізіп отырған «Нұр Отан» партиясына алғыс айтамыз», – деді аудан ардагері Сайран Нұрсейітов.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы.
• 26 Ақпан, 2015
Шығыс Қазақстанда Кеңес Одағы Батырының құрметіне шахматтан турнир өтті

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше