ӨСКЕМЕН. 26 ақпан. Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет «Үздік жас педагог» облыстық байқауы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқушылардың шығармашылық сарайында өткен «Үздік жас педагог» байқауы өңірдегі жас ұстаздардың белсенділігін арттыру, кәсіби шеберлігін дамыту, оқу-әдістемелік және тәрбиелік жұмысын жақсарту мақсатына бағытталған. Байқауға облыстың 16 ауданы мен 3 қаласынан еңбек өтілі 5 жылға дейінгі уақытты қамтитын 19 жас педагог қатысты.
Байқау 2 кезең бойынша өтті. Алғашқы аудандық немесе қалалық кезеңнен сүрінбей өткен педагогтар келесі облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық сын барысында жас педагогтар өздерінің шығармашылық сырларымен бөлісіп, «Мен және менің мамандығым» тақырыбындағы таныстырулары мен «Мен – болашақтың мұғалімімін» бейнетаспасын көрермендер назарына ұсынды.
Жарыс қортындысы бойынша Көкпекті ауданындағы физика пәнінің мұғалімі Дәурен Мергеншінов облыстың «Үздік жас педагогі» атанды. Одан кейінгі жүлделі орындарға семейлік география пәні мұғалімі Гүлбаршын Қалымова, бородулихалық география пәні мұғалімі Вадим Карачковский, өскемендік бастауыш сынып мұғалімі Анар Шәкен, жармалық биология пәні мұғалімі Еркежан Игенбаева ие болды. Сонымен бірге, байқауда «Озық ойлы ұстаз» аталымына Аягөз ауданының география пәні мұғалімі Нұрбол Нұрғалиев, «Шығармашыл ұстаз» аталымына Өскемен қаласының бастауыш сынып мұғалімі Анар Солтанғазина, «Талантты ұстаз» аталымына Семей қаласының тарих пәні мұғалімі Ақерке Баширова, «Өнерлі ұстаз» аталымына Күршім ауданының бастауыш сынып мұғалімі Сая Салықбаева лайық деп танылды. Байқауға қатысушылар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Үздік бейнематериалдар Шығыс Қазақстан облысының жас педагогтары туралы бейнефильміне енетін болады.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 26 Ақпан, 2015
Шығыс Қазақстанда «Үздік жас педагог» облыстық байқауы өтті

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25