27 Маусым, 2015

Тіркеуде жоқ тұрғын

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
26-06-2015-Ақтөбе құжат суретөмірде бар екенін дәлелдей алмай жүр Ақтөбенің 29 жастағы тұрғыны, екі баланың анасы Айымгүл Кө­шербаева ешбір жерде тіркеуде жоқ. Тіпті оның қолында өмірге келгенін растайтын құжаты да болмаған. Сондықтан ол бүгінде өзінің өмірде бар адам екенін дәлелдей алмай жүр. Соңғы үш жылда келіншектің бармаған жері, баспаған тауы қалмады. Сотқа да шағымданып көрді. Алайда, ол жерде ДНК сараптамасынан өту керек­тігі айтылған. Ал мұндай сарапта­маның құны 150 мың теңге тұрады. Бала күтімі бойынша дема­лыста отырған ана үшін бұл қомақ­ты қаржы. Дегенмен, тек осы сараптама қорытындысынан кейін ғана ол еліміздің азаматы екенін дәлелдей алады. Өзінің өмірде бар адам екеніне өзгелердің көзін жеткізу үшін әділет басқармасы мен «Нұр Отан» партия­сына да барған. Бірақ Айымгүлдің туғаны туралы ешбір жерде тіркел­мегендіктен, аталған мекемелер де көмек бере алмай отыр. Кезінде қой баққан ата-анасы орталықтан алыс тұрғындықтан, баланың құжаттарын рәсімдемеген. Енді 1986 жылы кеткен сол қате­ліктен қыздары зардап шегуде. Құжатсыз азаматша өз тағ­дырын балалары қайталай ма деп қорқады. Себебі, балаларының туу туралы куәлігін жасату үшін де аналарының құжаты қажет. Айымгүл, тіпті, он жыл отасқан  жол­дасымен де заңды некеге тұра алмай келеді. Еламан ҚОҢЫР, «Егемен Қазақстан».