Мақтаарал өңірінен шыққан белгілі азаматтардың бірі Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры Ерғали Серікбайұлы Мерзадиновтың бастамасымен Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай «Есірткісіз – болашаққа» атты ұранмен өткізілген Мақтаарал ауданындағы 122 мектептің оқушылар арасында «М» лигасы бойынша өткізген жарыста біздің Мамық Тоқжігітов атындағы жалпы орта мектебінің «Намыс» футбол командасы I орынды жеңіп алды. Бұл, әрине, команданың жаттықтырушысы, денешынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Әбенов ағамыздың еңбегінің жемісі.
Ерғали Серікбайұлының демеушілігімен олар 14 маусым күні Астана қаласына барып, «Қажымұқан» атындағы стадионда «Жас ұлан» футбол командасымен жолдастық кездесу өткізіп, біздің «Намыс» футбол командасы намысты қолдан бермей 6:3 есебімен жеңіп қайтты. Бұл да біз үшін үлкен мерей.
Астанаға барған футболшыларымыз Назарбаев Университетте, Бәйтеректе, ЭКСПО-2017 құрылыс алаңында, Сыртқы және Ішкі істер министрліктерінде, Хан Шатыр, саябақ, мұрағаттарда болып, Астананың әсем жерлерімен танысып үлкен әсер алып қайтты.
Оқушыларымыздың осылай жақсы демалып, ой-өрісін кеңейтіп, туған жерге, спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып келуіне үлкен септігін тигізген Данияр Жұмаділов, Қанат Баетов, Алтай Молдабаев және басқа азаматтарға, қала аралауда көлік қызметін көрсеткен Әнуар есімді жігітке ата-аналар мен мектеп ұжымы атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.
Ал туған жерінің жастарының жақсы азамат болып өсуіне, спортты сүйіп, саламатты өмір салтын сақтап, елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын дені сау, рухы мол азаматтар өсіп шықсын деген ниетпен демеушілік жасап жүрген жерлесіміз Ерғали Серікбайұлы Мерзадиновке деген құрметіміз ерекше. Ол кісіге ел үшін жасап жүрген еңбегіңіз жемісті болсын деп, үлкен рахмет айтамыз. Жас ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлер осындай азаматтар ел басқарған ағалар арасында көп болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Астанадан ауылға түнгі сағат екіде оралған футболшыларымызды бүкіл ауыл болып музыкамен, мерекелік дастарқанмен күтіп алдық. Мектеп басшылары мен ата-аналар жас жеткіншектерге және олардың жаттықтырушысы Асқар Әбеновке үлкен жеңістері үшін алғыстарын айтып, келешек өмірлеріне жақсы тілектерін білдірді.
Жұмагүл КАРИЕВА,
М.Тоқжігітов атындағы
орта мектеп мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Мақтаарал ауданы,
Есентаев ауылы.

Отандық фильм Шанхай халықаралық кинофестивалінде көрсетіледі
Кино • Бүгін, 20:25
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Бүгін, 20:10
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 19:17
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Бүгін, 19:00
Димаш Құдайберген туған жерінде жаңа бейнебаян түсіреді
Қоғам • Бүгін, 18:22
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 17:33
Алматыда ер адамның сөмкесінен пышақ пен граната табылды
Қоғам • Бүгін, 17:05
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Бүгін, 16:10
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Бүгін, 15:25
Аймақтар • Бүгін, 15:10
Каспий теңізінде ағын алып кеткен 2 адам құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 14:29
«AMANAT» партиясының мүшелері «Әділет» қатарына қосыла ала ма?
Қоғам • Бүгін, 14:00
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны шығарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:38