27 Наурыз, 2015

Еуропа жұртының тазалығы қандай деңгейде?

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-03-15-meditcina-1

АСТАНА. 27 наурыз. Данияның астанасы – Копенгаген қаласындағы ауруханада осы тақырыпта жүргізілген соңғы зерттеу жұмыстары таң қаларлықтай нәтиже әкелді. Бұл туралы «Правда.Ru» хабарлады. Зерттеу даттардың көпшілігінің қарапайым ғана тазалық ережесін сақтай бермейтінін көрсетті. Атап айтқанда, олардың 60 пайызы күніне екі рет тіс шайып тұруды ұмытып кететін болса, 70 пайызы әжетханаға кіріп шыққаннан кейін қолдарын жуа қоймайды. Аурухана пациенттерінің тек 30 пайызы ғана қолдарын шайып алады екен. Сұмдықтың көкесі сол, аурухананың медициналық персоналының өзі мұндай «жорықтан» кейін қолдарын сабынмен жуа бермейтін болып шықты. Олардың 65,5 пайызы ғана гигиена талаптарын орындауға тырысады. «Мен мұндай деректерден қатты тітіркеніп тұрмын», - деп мәлімдеді аталмыш зерттеуден кейін медициналық мекеменің директоры Торбен Могенсен. Дания медицина ассоциациясының төрағасы да мынадай мәліметтерден естен танып қала жаздағанын айтты. «Әрбір дәрігер, әрбір аяжан және басқа қызметкер жақсы гигиенаның маңызын түсінеді. Ал мына жағдай мүлдем дұрыс емес. Мен медициналық персоналдың 100 пайызы қолдарын жуатынын күткен едім, бұл дұрыс болмады», - деді Мадс Кох. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет; Правда.Ру.