Тәуелсіз еліміздің айбары мен айдынына айналған Астана төрткүл дүние түгел таныған бейбітшілік пен ізгілік ордасына айналды. Міне, осы сәні мен салтанаты жарасқан елордамыздың 17 жылдық мерейлі мерекесін жалпыхалықтық деңгейде тойлау үрдісі басталып кетті. Астана күні мерекесіне орай қаламызды безендіру мен әрлендіру шаралары өріс алды.
Астана күніне орай қала көшелеріне ашық түсті гүл аркалары, гүлді шарлар және басқа да мерекелік композициялар көптеп орнатылуда. Сонымен қатар, әкімшілік және тұрғын үй ғимараттарының сырты да безендірілді. Аудандарда жарық динамикалық паннолар мен түрлі-түсті жарықшашқыштар орнатылды. Шағын архитектуралық мүсіндер мен пішіндер саябақтар мен шағын бақтардың көркіне көрік қосты.
«Есіл» ауданында «Арай» саябағын, Ғашықтар саябағын, «Астаналық цирк» шағын бағын, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры алдындағы бақтарды безендіру жұмыстары аяқталды. «Хан Шатыр» СОО-ға қарама-қарсы жер асты жолына жарықтар қойылып, «Астана Опера» театрының алдындағы көпір мен Орынбор көшесінің бойы және «ҚазМұнайГаз» жаяу жүргіншілер көпірі әсемделді. «I Love Astana» композициялары Есіл өзенінің жағалауында, Астаналық саябақта және Астана халықаралық әуежайы аумағында орнатылды.
«Жан жүрегім – Астана» шағын архитектуралық композициялары «Астана Опера» театрының алдында, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында және «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының қасына орналастырылды. «Я люблю Астану» композициялары Сығанақ көшесі мен Бейсекова көшесінің қиылысына қойылды. Сондай-ақ, Астана күніне дайындық шеңберінде аудандарда санитарлық тазарту, бүлінген абаттандыру құрылғыларын қалпына келтіру, саябақтар мен көшелердегі және сәндік жарықтандыруларды тексеру жұмыстары қолға алынды.
«Алматы» ауданында 20-дан астам жарық-динамикалық панно орнатылып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы, Абылай хан даңғылы, Тәуелсіздік даңғылындағы көпірлер мен Қараөткел көпірі, Бараев көшесіндегі көпір безендірілді. 375 панельдік көріністер ілінді.
«Сарыарқа» ауданында Рэдиссон қонақ үйінен Самал шағын ауданына дейін Есіл жағалауының ұзына бойына әсем банерлер ілінді. Конгресс-холлдың алдына «Одуванчик» мерекелік композициясы, «Жастар» сарайының алдында «Беседка» инсталляциясы орнатылды. Теміржол вокзалының алдында, Есенберлин мен Бейбітшілік көшелері қиылысында және дөңгелек алаңда «Я люблю Астану» шағын архитектуралық композициялары көз тартады.
Міне, осылай әсем безендірілген елордада биыл Астана күніне орай 70-тен астам мерекелік шара, оның басым бөлігі ашық алаңдарда өткізіледі. Бас қаламыздың төл мерекесін мерейлі өткізейік!

«Странджа» турнирі: Бүгін 15 боксшымыз жұдырықтасады
Бокс • Бүгін, 12:36
Жамбыл облысының көктемгі егін егу жұмыстарына дайындығы қалай?
Аймақтар • Бүгін, 12:20
Қызылорда облысында суды аз қажет ететін дақылдар егіледі
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Атырауда екі ер адам АИТВ инфекциясын қасақана жұқтырды деген күдікке ілінді
Аймақтар • Бүгін, 12:05
Ұлттық архив қызметкерлеріне жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 11:58
Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50