27 Маусым, 2015

Елшімен екіжақты әңгіме

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хенри Хуберт Дриссермен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. М.Әшімбаев екі ел арасындағы қатынастардың қарқынды және тиімді дамып келе жатқанын атай отырып, Нидерланд Қазақстан­ның Еуропадағы бірден-бір іскер серіктесі екендігін жеткізді. Корольдік Қазақстан Тәуелсіздігін алғалы бергі уақытта еліміздің экономикасына 50 млрд. доллардан астам қаржы құйды. Аймақтық және ғаламдық үдерістерге қатысу барысына тоқ­талған Мәжілістің комитет төр­ағасы Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сіне тұрақты емес мүше болуға ұм­тылысын қолдайтынынан үмітті екендігін білдірді. Тараптар «100 нақты қадам» шеңберінде жасалып жатқан инс­титуттық 5 реформаға ай­рық­ша назар аударды. Х.Дрис­сердің мә­­­лім­деуінше, Қазақстан Еуропаға қауіпсіздік, тұрақтылық пен өр­кендеу орталығы ретінде маңызды. Жүргізіліп жатқан реформалар бойынша депутаттардың жұмысы туралы М.Әшімбаев біздің ел Нидерландтың заңна­малық қызмет саласының тәжіри­бесіне қызығушылық танытаты­нын білдірді. Сонымен қатар, мәжілісмен екі ел арасын­дағы парламентаралық ынтымақ­тас­­тықтың одан әрі дамуының маңы­зына тоқталды. Тараптар болашақ өзара байланыстар бағытының ішінде сауда-экономикалық, мәдени-ізгілік байланыстарды ерекше атады. Х.Дриссер Қазақстанды ДСҰ-ға енуімен құттықтады.