Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Хэ Йонг Вонды оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Сенатор мейманмен кездесуде бұл сапар Қазақстан мен Корея арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Екіжақты өзара саяси іс-қимылдың қарқынды сипатын атап өте келіп, И.Адырбеков парламентаралық үнқатысудың жоғары әлеуетіне тоқталды. «Екі елдің депутаттары өзара сапарларға жүйелі түрде шығып тұрады, біздің еліміздің парламенттерінде Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның заң шығару органдарының беделді мүшелерінен құралған достық топтары қызмет етеді», – деді сенатор.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады және барлық салада өзара ауқымды іс-қимылды өрістету қажеттігін атап өтті.