Кеше Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова елдің үздік журналистеріне Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты берілетін Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырып, Алғыстарын жариялады.
Алдымен Мемлекеттік хатшы биылғы сыйлықтар мен гранттарды алу құрметіне ие болған қаламгерлерді және Мемлекет басшысының Алғысын алған шығармашылық ұжымдарды, сондай-ақ, Қазақстанның барша журналистер қауымын кәсіби мерекелері – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
– Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды бөлшегі ретінде билік органдары мен ел азаматтары арасындағы дәнекер қызметін атқарып қана қоймайды, сонымен қатар республиканың барлық табыстары мен жетістіктеріне лайықты үлес қосады, ортақ шаңырағымыздағы татулық пен келісімді нығайтады, – деді Г.Әбдіқалықова.
Одан әрі Мемлекеттік хатшы Қазақстан халқын ұйыстыру, патриотизмге тәрбиелеу, елімізді барынша дамыған 30 мемлекет қатарына қосу жөніндегі стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру ісінде отандық БАҚ қызметінің зор ықпалы бар екенін атап көрсетті.
– Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарының сапасы мен кәсіби тұрғыдан жетілуін ынталандыру үшін Мемлекет басшысының арнаулы марапаттары тағайындалған болатын. Жыл сайын берілетін осы марапаттарды тапсыру арқылы біз елдің медиакеңістігінің ең лайықты, талантын барынша жарқыратып көрсеткен өкілдерін атап өтеміз, – деді Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова.
Сөйтіп, Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы сыйлықтары «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаевқа – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор шығармашылық үлесі үшін берілді.
Сондай-ақ Президент сыйлығы «Экспресс-К» газеті редакциясы» ЖШС бас директоры болған марқұм Алексей Панға – елдің ақпараттық кеңістігі деңгейін өрістетуге бағытталған қызметі, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін берілді.
Биылғы Мемлекет басшысының гранттары «Арша» медиастудиясының продюсері Зарица Есекееваға (Зарина Мұхамедәліге) – республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы және моноқалаларын мемлекеттік қолдау туралы «24 KZ» телеарнасындағы «Большие города» – «Дархан қала» атты авторлық жобасы үшін; «Хабар» телеарнасы бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаевқа қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін тапсырылды.
Президент Алғыстары республикалық қоғамдық-саяси «Достық-Дружба» журналының шығармашылық ұжымына қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін; өңірлік қоғамдық-саяси «Жетісу» газетінің шығармашылық ұжымына аймақтағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын терең әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін; «Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін; «Көкжиек» және «От и до» радиобағдарламаларының шығармашылық ұжымына Еуразиялық экономикалық одақ жұмысы аясында маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын жариялап-көрсеткені үшін; («Новости-Казахстан» ақпарат агенттігі мен «Астана» радиосының бірлескен жобасы); коммерциялық емес «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына Қазақстан туралы өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін; ақпараттық-сараптамалық «Тіл» журналының шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін белсенді жариялап-көрсеткені үшін; ақпараттық-спорттық «Vesti.kz» порталының ұжымына саламатты өмір салтын кеңінен насихаттағаны және Қазақстанның спорт журналистикасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін жарияланды.
Шара барысында бірқатар марапатталғандар сөйлеп, өздерінің еңбектерінің еленгендігі үшін ризашылықтарын білдірді.
Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан».

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55