Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ақыл-ойдың байлығын қарғадайларынан қанат еткен, қарымы мықты, қабілеті ерен әлемнің алты құрлығынан келген 51 халықаралық математикалық олимпиадаға қатысушылар негізгі сыннан емтихан тапсырған соң, Отанымыздың елімен, жерімен танысты.
Біз халықаралық білім жарысына келген 1000-ға тарта оқушыны Астанада қабылдап, одан кейін математикадан сынақ тапсыру жұмысын Арқа төсіндігі көрікті де көркем өңір, орманы мен көлдері көздің жауын алатын Бурабай бауырындағы “Балдәурен” республикалық оқу-сауықтыру кешенінде өткіздік. Оқушылар екі күнге созылған математика сынағын тапсырғаннан кейін қазылар алқасы қорытындысын шығарғанша біз оқушыларды “Бурабай” ұлттық табиғи паркіне саяхат жасатып, Отанымыздың дархан даласымен жан-жақты таныстырдық, дейді “Дарын” ғылыми-практикалық орталығының директоры Тілдаш Битуова.
Күні кеше ғана елордамыздың айтулы мерекесін атап өткен Астанамен оқушыларды таныстыру жұмысына біз де куә болдық. ХХІ ғасырдың ғажабы саналатын бас қаламыздағы сәулетті ғимараттар мен демалыс орындарында болған олимпиадашылар жаңа Астананың әрбір көрінісі туралы сүйсіне әңгімелейді. Әсіресе, кеше “Қазанат” спорт кешенінде өткен іс-шараның қызығы олардың өмір бойы есінде қалары сөзсіз. Қаз-қатар тігілген ақшаңқан киіз үйлер, іші-сыртын көмкерген ұлттық дүниелер кімнің де болса көзін тойғызып, жан дүниесін нұрландырғаны анық. Ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілген жарыстар: көкпар тартып, қыран баптау, алуан түрлі салт-дәстүрлерімізді әспеттеу жағынан келгенде қазақтың ешкімнен де кем түспейтіні осы жерде айқын аңғарылды. Бұл этнографиялық құндылықтарымыз кімнің де болса көңілінен өмір бойы орын алатыны да рас.
Біз жүздері балбұл жанып, әрбір көрініске қызыға қарап, тамсанған оқушылармен тілдескенімізде шетінен ризалықтарын білдіріп жатты. Канадалық үйлестіруші Александр Ремеров маған Бурабайдың табиғаты, Есіл өзенінің екі жағына салынған Астананың ғимараттары, тап-таза көшелері қатты ұнады. Қазақ жұртының кеңпейілділігі, өзім секілді замандастарымның кішілігі мен кісілігі тәнті етті. Ал мына ұлттық спорт ойындары мен ұлттық жауһарлар, ұлттық тағамдар басқа елдерде кездесе бермейтін шығар.
Мен Мәскеуде 7-ші сыныпқа дейін білім алып, одан кейін ата-анаммен бірге Канадаға қоныс аударған едім. Ресей мен Канададағы орта білім беру ісін әрдайым салыстырып жүремін. Сонда байқағаным, Мәскеу мектептеріндегі оқыту ісі әлдеқайда жоғары, әр пәнді тереңінен талдайды. Жалпы, пән ауқымын шектемей, әлемдік деңгейде ой-өресінің биік болуына баса назар аударады. Ал жоғары білім туралы мұндай пікір айта алмаймын. Себебі, Мәскеу университтері туралы мәліметім аз. Мен Қазақ еліне келгенде байқағаным, үлкен-кішісінің қай-қайсысы да сауатты, әрі салиқалы екен, дейді ол. Бұл пікірді олардың лидері саналатын А.Тенг те қоштады.
Елдігімізді танытып, білімді ұрпағымыздың өсіп келе жатқанын дәйектейтін бұл математикалық олимпиадаға бас демеушілік көрсеткен мекеме туралы да айта кетсек дейміз. Ол әркез әлеуметтік бағдарламаларға қолдау көрсетіп келе жатқан, әсіресе, білім мен ғылымға, денсаулық сақтау ісіне жете мән беріп, алдыңғы ілектен табылған “ЭксонМобил Қазақстан Инк.” компаниясы дер едік. Бұл компаниядан өзге қолұшын созғандар қатарында Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдігі, “Қазақстан халқының рухани даму қоры” АҚ, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, Отанымыздың Ұлттық спорт ассоциациясы, Соколов-Сарыбай кен байыту комбинаты, Тәуелсіздік сарайы, Алматыдағы “Алатау” шипажайы, Астанадағы “Думан” қонақ үйі, тағы басқалар бар.
Сүлеймен МӘМЕТ.

Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:49
125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді
Оқиға • Бүгін, 12:12
Спорт • Бүгін, 11:55
7 ақпандағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 11:43
Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:33
Ташкентте белдесетін дзюдошылардың есімі белгілі болды
Спорт • Бүгін, 11:23
DeepSeek пен ChatGPT-ді жалған нұсқалардан қалай ажыратуға болады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:03
Ауа райы • Бүгін, 10:42
45 жол апаты тіркелді: Астана полициясы жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 10:32
Солтүстікке бетбұрыс: Қоныс аударушыларды қолдаудың жаңа форматы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 10:15
Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер
Саясат • Бүгін, 10:00
Олимпиада-2026: Алғашқы жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 09:57