Ауа райы • Бүгін, 10:26

Жаңбыр, тұман, найзағай: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

40 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» 23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоктиктердің айтуынша еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауып, дауыл болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңбыр, тұман, найзағай: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Көкшетауда түнде найзағай ойнайды.

Жетісу облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады. Таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл соғады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Талдықорғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Ақтауда түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел батыс, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Түркістан облысында түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман болады. Күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр, найзағай, дауыл, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Шымкентте түнде және таңертең жаңбыр күтіледі, ал күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл болады.

Атырау облысында түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Атырауда түнде және таңертең кей жерлерде жаңбыр, найзағай болады.

Павлодар облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман болады. Күндіз жаңбыр, найзағай, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады, күндіз кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін баруы мүмкін. Павлодарда түнде және таңертең жаңбыр мен найзағай болады.

Ақтөбе облысында түнде және таңертең шығысында 2 градусқа дейін үсік жүреді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбеде түнде және таңертең жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қарағанды облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай соғады. Жел оңтүстік-батыс, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Қарағандыда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.

Ұлытау облысында түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, бұршақ болжанған. Күндіз шығысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жезқазғанда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай болады.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыс, батыстағ соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Оралда түнде және таңертең ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. Өскеменде түнде және таңертең жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Абай облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады. 

Қызылорда облысында түнде және таңертең орталығында шаңды дауыл соғады, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел солтүстіктен оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Қызылордада түнде және таңертең кей жерлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Жамбыл облысында түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда тұман түседі, күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Таразда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең жаңбыр жауады, батысында тұман болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда түнде жаңбыр жауады.

Астанада түнде және таңертең найзағай ойнайды. 

Соңғы жаңалықтар