Қоғам • 23 Сәуір, 2026

Астанада мас күйде көпқабатты үйдің шатырына шыққан ер адам 10 тәулікке қамалды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Көркем-3 тұрғын үй кешені аумағында көпқабатты үйдің шатырында мас күйде жүрген ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада мас күйде көпқабатты үйдің шатырына шыққан ер адам 10 тәулікке қамалды

Қалалық соттың мәліметінше, азамат 20 сәуір күні алкогольдік мас күйде үйдің шатырына шығып кеткен. Бұл әрекет қоғамдық тәртіпті бұзу және айналадағы адамдарға қауіп төндіру ретінде бағаланған.

 Астанада көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған жасөспірім құтқарылды

Оқиға видеобақылау жазбаларымен дәлелденген. Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген. Ол сол күні мас күйде болғанын және жеке жанжал салдарынан эмоциялық күйде шешім қабылдағанын айтқан.

Сот тәртіп бұзушыны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін дәл осы тұрғын үй кешенінде өрт шығып, салдарынан үш бала қаза тапқан болатын. 

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар