Президент • Бүгін, 15:50

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасымен кездесті

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстан Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен, сондай-ақ оның Парламенттік ассамблеясымен серіктестікті нығайтуға мүдделі екені атап өтілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму бағытындағы күш-жігеріне дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына жоғары баға берді.

Сонымен қатар Президент мемлекеттер арасындағы диалог, сенім мен түсіністікті күшейтуге септігін тигізетін құрал ретінде парламенттік дипломатияға айрықша мән беретінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Пере Жоан Понске елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформа жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, жаңа Конституция мемлекет институттарының орнықтылығын қамтамасыз етуге, басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесті

Пере Жоан Понс Өңірлік экологиялық саммитте қозғалған мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Ол өңірлік күн тәртібін ілгерілету мен ортақ бастамаларды жүзеге асыру жолында Орталық Азия елдерінің жұмыла білетініне көз жеткізгенін айтты.

Президент халықаралық конвенция жетекшілерімен кездесу өткізді

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, нәтижелі ықпалдастық жалғасын табатынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар