Куәгерлердің айтуынша, күмәнді затты алғаш болып жергілікті тұрғындар байқаған. Олар оқиға орнын және арнайы қызметтердің жұмысын видеоға түсіріп алған. Сондай-ақ кейбір тұрғындар нысанның құлау сәтін де таспаға түсіргендерін айтады. Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естіледі.
«Міне, дрон жарты сағат бұрын құлады. Таңертеңгі уақыт, сағат шамамен 8:30», дейді интернетте тараған видеоны түсірген автор.
Өңірлік полиция департаменті аталған деректі растады.
«Ақтөбе облысының Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», делінген департамент хабарламасында.