Астана қаласында үстіміздегі жылдың 29 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты IV музыкалық фестиваль өтеді.
Әйгілі күйші, дәулескер домбырашы, композитор, дирижер, Қазақ КСР және КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиев – қазақтың ұлттық өнері мен мәдениетіне өшпес із қалдырған қайраткер. Биылғы жылы 1 сәуірде әйгілі композитордың туғанына 90 жыл толады. Осыған байланысты егемен еліміздің мәдени өмірінде елеулі оқиғалар өткізілмек. Осы кешенді шаралардың беташары ретінде елордада 29 наурыз – 1 сәуір аралығында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Өз елім» атты дәстүрлі фестиваль өтеді. Оған Қазақстанның барлық өңірлерінен және Ресейден кәсіби орындаушылар, домбырашылар және дирижерлер қатысады.
16-35 жас аралығындағы талантты өнер саңлақтары қатысатын байқау классикалық вокал (ерлер мен әйелдер), домбыра және дирижерлер сайысы деп бөлінетін 3 аталым бойынша екі айналымда, «Шабыт» және Конгресс-холл сарайларында өткізіледі. Фестивальға қатысушылар Астана қаласы әкімінің Кубогын сарапқа салады. Сонымен бірге, жарыс жеңімпазына гран-при және екінші, үшінші орындарды алған жүлдегерлерге «Фестиваль лауреаты» атақтары беріледі. Айтулы музыка мерекесі 1 сәуір күні Конгресс-холл сарайында өтетін гала-концертке ұласады. Оған Бибігүл Төлегенова, Алтынбек Қоразбаев, Нұрғали Нүсіпжанов және басқа өнер саңлақтары қатысады.
«Егемен-ақпарат».

Жәдігер • Бүгін, 09:45
Бокс • Бүгін, 09:40
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30
Солтүстік спортындағы соны серпін
Спорт • Бүгін, 09:25
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкент • Бүгін, 09:20
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Құқық • Бүгін, 09:15
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Әдебиет • Бүгін, 09:10
Руханият • Бүгін, 09:05
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Ғылым • Бүгін, 09:00
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Сұхбат • Бүгін, 08:50
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Руханият • Бүгін, 08:45
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ғылым • Бүгін, 08:40
Тарих • Бүгін, 08:35
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Ғылым • Бүгін, 08:30