ОРАЛ. 27 маусым. Орал қаласында 25 маусым күні үш автокөлік үш адамды қағып кетіп, бой тасалады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Аталған департаменттің әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, қағылғандардың екеуі – бала. Шамамен 13 сағат 50 минутта «Хюндай» автокөлігінің жүргізушісі Құрманғазы мен Темір Масин көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер өтетін жерден 1986 жылғы К. деген азаматты қағып, оқиға орнынан тайып тұрған. Оң жақ жамбасынан жарақаттанған жүргінші облыстық аурухананың жарақат бөліміне қаралуға мәжбүр болды.
Содан кейін сағат 18:30-да белгісіз жүргізуші «Мазда» көлігімен Қонаев атындағы шағын ауданда П. деген 2007 жылғы баланы қағып, оқиға орнынан бой тасалаған. Бетінен жарақат алған жасөспірім де аталған аурухана көмегіне жүгінді.
Үшінші оқиға сағат 20:40-та орын алды. «Лада» маркалы көліктің жүргізушісі Завокзальный тупик көшесі бойындағы 25/1 үйдің ауласында М. деген 2005 жылғы жеткіншекті қағып, ол да бой тасалаған. Сол жақ иығы мен тізесінен жарақат алған бала жарақат бөліміне түсті.
Жедел іздестіру шаралары барысында жол-көлік оқиғасына кінәлілер тез анықталды. Атап айтқанда, «Хюндай-Акценттің» жүргізушісі 1981 жылғы Г., «Мазда-626» көлігін жүргізген 1992 жылғы У., «Лада-21703» көлігіне отырған 1988 жылғы З. есімді азаматтар болып шықты. Енді оларға қатысты тиісті шаралар қолданылатын болады.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».

Digital • Бүгін, 08:20
Маман • Бүгін, 08:15
Жаңбыр, бұршақ, найзағай: Бүгін ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 08:12
Trade-in тұтынушыға тиімді тетік пе?
Сараптама • Бүгін, 08:10
Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика
Жасанды интеллект • Бүгін, 08:07
Нейрохирургияның жаңа міндеттері
Медицина • Бүгін, 08:05
Digital • Бүгін, 08:02
Өндіріс • Бүгін, 08:00
Жетісуда жел электр стансасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Трансшекаралық су мәселесі реттеледі
Үкімет • Бүгін, 07:40
Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше