АСТАНА. 28 маусым. Футболдан Чилиде өтіп жатқан Америка Кубогы турнирінде жартылай финалға шыққан командалар белгілі болды. Оңтүстік Америка құрлығының чемпионы атағын Чили, Перу, Аргентина және Парагвай құрамалары сарапқа салады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Өткен түнде ширек финалдың соңғы ойыны ойналды. Әлемнің бес дүркін чемпиондары Бразилия құрамасы Парагваймен сынға түсті. Кездесудің 15-минутында пентакампеондар есеп ашқан болатын. Мергендігімен көзге түскен – Робиньо. Парагвай құрамасы тек 72-минутта ғана таразы басын теңестіруге мүмкіндік тапты. Нәтижесінде ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Сондай-ақ, қарсыластар қосымша екі таймда да тең ойын өрнегін көрсетіп, жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти арқылы анықталды. Бұл сында Парагвайдың мерейі үстем болып, 4:3 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Бразилияның шабуылшысы Неймар бұл ойында командасына көмектесе алмады. Себебі, ол топтық кезеңдегі Колумбияға қарсы ойында өрескел тәртіп бұзғаны үшін алаңнан қуылды. Кейін футболшының тәртібі ФИФА мінберінде талқыланып, Неймар ұлттық құрама сапындағы 4 ойыннан аластатылды.
Ширек финалдағы өзге ойындарға келер болсақ, Чили Уругвайды 1:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, Перу Боливиядан 3:1 есебімен басым түсті. Ал Аргентина-Колумбия матчы негізгі уақытта тең аяқталды (0:0). Ойын соңындағы пенальтиде Месси бастаған аргентиналықтар дәлдік танытып, 5:4 есебімен жеңіске жетті.
Құрлық чемпионаты 4 шілдеде аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: eurosport.ru.
• 28 Маусым, 2015
Футбол. Америка Кубогы. Бразилия жартылай финалға шыға алмады

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше