Жақсылық Алладан қайтады дейді. Ал жақсылық жасасаң көңіліңе нұр болып құйылатыны анық. Жақсылық жасау – біздің ата-бабамыздан жалғасқан ұлы қасиет. Мұның мәні бүгін де өзгерген жоқ. Өзгелерге үнемі жақсылық жасап тұратын адамдар бар. Солардың адамгершілігі мен ізгілігі арқасында өмір үміті үзілмейді. Армандар орындалып, биік асулар алынуда. Мұның нақты көрінісін Астана қалалық балар үйінің тәрбиеленушілері бастан кешіп отыр. Мәселен, жыл басынан бері Астана қалалық ІІД аталған балалар үйін қамқорлыққа алған болатын. Содан бері тәрбиеленушілер полицейлер ұйымдастырған барлық іс-шараларға қуана да, қызыға да қатысады. Күнбе-күн оларды елеңдеп күтеді.
Себебі, елордалық полицейлер балалар үйіне бар жақсылықты әкелуде. Мәдени шаралар ұйымдастырылуда. Өткенде балалар ІІД бөліністерінің кинологиялық қызмет орталығында экскурсияда болып, одан кейін полицейлер қолдауымен мұз айдынында коньки тепті. Қуаныштарында шек болмады. Олардың көпшілігі полицейлердің қалай жұмыс істейтінін, қызмет атқару барысында қандай қиындықтар және қауіп-қатерлерге тап болатыны туралы хабарсыз екен. Енді балалар полицейлердің нақты қандай жұмыстар атқаратынын білді. Департамент бөліністерін аралап, танысқан олардың көпшілігі, оның ішінде қыздар да құқық қорғау органдарының жұмысына қызығушылық танытты.
Осылайша, үздіксіз жүргізілген қайырымдылық шаралары Наурыз тойындағы мерекелік сән-салтанатқа ұласты. Елордалық Ішкі істер департаментінің мәжіліс залында балалар өз қамқоршыларымен бірге концерт қойды. Көрермендерге би топтары, вокал дуэттері өнер көрсетіп, 4-сынып оқушысы Зарина Омарқасова және 3-сынып оқушысы Кирилл Вишневский домбырамен төгілте күмбірлетіп күй орындады. Мерекелік қойылым қатысушыларының бірі, балалар үйінің түлегі Милана Серікова көптеген ән байқауларына қатысқан екен. Енді, міне, Астана қаласы ІІД-нің қаржылық қолдауы арқасында Милана көп ұзамай Чех Республикасында өтетін халықаралық байқауға да қатысатын болды. Оның қуанышында шек жоқ. Елордалық полиция басшысы Амантай Әубәкіров алдағы уақытта балаларға арналған көптеген бірлескен іс-шаралар өтетіндігін және оларға арнап елордалық полицейлер ұйымдастыратын экскурсиялар мен түрлі қызықты шаралар бар екендігін айтты.
Бұдан кейін ІІД қызметкерлері балаларды департамент территориясында орналасқан мұражай мұрағаттарымен таныстырды. Мұражай залында қаланың ішкі істер органдарының тарихы жайлы сыр шертетін экспонаттар, тарихи құжаттар, қару-жарақтар, өткен жылдардағы полиция қызметкерлерінің формалары, спорт түрлері бойынша республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіп алған спорттық наградалар қойылған. Бұларды көріп, балалар таң-тамаша қалды. Сосын олар өздеріне арнап жайылған мерекелік ақ дастарқан басына отырды. Сол жерде оларға арнайы дайындалған көптеген сыйлықтар табысталды. Бұл сәтте, не керек, Астана қалалық балалар үйі тәрбиеленушілері шаттықтан жүздері бал-бұл жайнап, қуаныштарын жасыра алмады. Иә, балалардың қуанғанына не жетсін!
Жалпы, 2015 жыл елордалық полицейлер үшін «Халық сенімі – полиция қуаты» ұранымен өтуде екендігін еске саламыз. Астана қалалық ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіровтің айтуынша, полиция қызметкерлері жыл бойы қайырымдылық шараларын, жаппай-мәдени және спорттық іс-шараларды өткізе бермек. Өйткені, шынайы қайырымдылықтың ел үшін игі қайырымы болатынын ұмытпаған жөн.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Александр Бублик Германиядағы турнирде қанша табыс тапты?
Спорт • Бүгін, 20:31
Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктерге зақым келді
Қоғам • Бүгін, 19:32
Конгода Эбола дерті 29 медициналық аймаққа әсер етті
Әлем • Бүгін, 18:34
«Қазақмыс» әлеуметтік бағдарламаларымен 5,7 мыңнан астам адам қамтылды
Қоғам • Бүгін, 17:42
Көкшетауда үйдің шатырына найзағай түсіп, өрт шықты
Қоғам • Бүгін, 17:32
Үндістанда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:00
2026 жылғы әлем чемпионаты: Үшінші ойын күні алаңға кімдер шығады?
Спорт • Бүгін, 16:36
Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Чарльздің туған күніне байланысты құттықтау хатын жолдады
Президент • Бүгін, 16:12
Шикізаттан – зауыттар мен егістікке: Қазақстан экономикасының жаңа даму моделі
Экономика • Бүгін, 15:58
Қызметтік иттің көмегі: Астанада жүргізушінің көлігінен есірткі табылды
Заң • Бүгін, 15:25
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрағасы болып сайланды
Саясат • Бүгін, 14:29