Қостанай облыстық архив және құжаттама басқармасының ұжымы «Достық үйінде» жұртшылыққа дәріс оқуға бастама көтерді. Биыл еліміз үшін мерекелі жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл, Конституциямызға 20 жыл толуын, Ұлы Жеңістің – 70, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отыр. Бұл той болғанымен, қазақстандықтарға ой салуы тиіс.
Осы мерекелердің мән-маңызы туралы жұртшылыққа көбірек ақпарат беру үшін облыстық архив және құжаттама басқармасының ұжымы жыл аяғына дейін осы тақырыптарға арналған көпшілік дәрістер оқуға бастама көтерді. Оның алғашқысын Қостанай облысының мемлекеттік архиві басқармасының басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сараптама кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Валерий Вишниченко «Қазақстан халқы Ассамблеясы: тарихтың 20 жылы» атты тақырыпқа арнады. Дәрісті жүзден аса адам тыңдады.
– Қарапайым адамдарға осы айтулы мерекелер жөнінде танымдық ақпараттар аздық етуі мүмкін. Қазақстан халқы Ассамблеясы, еліміздің Конституция, Ұлы Отан соғысындағы ерлік пен қиын уақыт туралы, Қазақ хандығы, еліміздің мемлекеттігі жөнінде қаншама қызықты әңгімелер айтуға, деректер келтіруге болады. Мысалы, мен бүгінгі дәрісімді оқығанда көптеген архив материалдарын пайдаландым. Тыңдаушылар сұрақтар қойды, пікірлерін айтты, қысқасы, олар көп нәрсе біліп, көңілденіп қайтты, – деді Валерий Георгиевич.
– Мұндай дәрістердің әркім үшін пайдасы мол. Мысалы, дәрістен тыңдаған көптеген мәліметті қайдан оқып табасың? Білімді кісілерді тыңдаудың өзі бір ғанибет. Қазақстанға соғыс кезінде, одан бұрын жер аударылған ұлттардың көрген қиыншылықтары, адамдар тағдырлары туралы әңгімені толқымай тыңдай алмайсың, – дейді дәріске келген Ергошвой Холметов.
Алдағы уақытта мерекелік жылдың тақырыптары бойынша қостанайлық ғалымдар, тарихшылар, жазушылар жұртшылық алдында дәріс оқитын болады. Қызықты дәріске тыңдаушы әрдайым келеді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.

Астанада «Әділет» партиясының II Съезі басталды
Саясат • Бүгін, 12:45
Эбола безгегінен қаза тапқан адам саны 149-ға жетті
Әлем • Бүгін, 12:21
Қазақстан-Ресей шекарасында жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі пайда болды
Экономика • Бүгін, 11:47
Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады
Саясат • Бүгін, 11:32
Австралия құрамасы Түркияны 2-0 есебімен ұтты
Спорт • Бүгін, 11:12
Қытайдағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар қос алтынға қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 10:59
Қазақ сәулет өнерінің көрнекті өкілі Алмас Ордабаев өмірден озды
Қоғам • Бүгін, 10:39
Денсаулық • Бүгін, 10:06
Семейдегі аспалы көпірден құлаған ер адам құтқарылды
Құтқарушы • Бүгін, 08:46
Доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Экономика • Бүгін, 08:35
Қазақстанның бірқатар өңірінде нөсер, найзағай және қатты ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 08:23
Шотландия әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Спорт • Бүгін, 08:01
Марокко мен Бразилия жеңімпазды анықтай алмады
Спорт • Бүгін, 05:09
Катар мен Швейцария құрамасы тең түсті
Спорт • Бүгін, 02:05