28 Ақпан, 2015

Күн тәртібі нақтыланды

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалы­ғымен Мәжіліс бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Халық қалаулыларының назарына Белоруссиямен реадмиссия туралы келісімді, Вьетнам мемлекеті үкіметімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді, сондай-ақ, Мажарстанмен ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары ұсынылатын болды. Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасында, сондай-ақ, білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы қамтылған.