28 Ақпан, 2015

Мәскеуде Борис Немцов өлтірілді

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-02-15-nemcov-1

АСТАНА. Ақпанның 27-нен 28-не қараған түні Мәскеу қаласының орталығында белгілі саясаткер Борис Немцов өлтірілді. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады. «Жұмадан сенбіге қараған түні Мәскеудің орталығында Ресейдің соңғы 25 жылдағы ең танымал саясаткерлерінің бірі Борис Немцов өлтірілді. Ол атқаратын қызметінің қандай болғанына қарамастан, саясатта да, қоғамдық өмірде де орасан зор роль атқарды», - деп жазады басылым. «Борис Немцовтың өмірбаянына қарай отырып, кеңестік кезеңнен кейінгі Ресейдің тарихын зерттеуге болады. Өзінің күш-қуатының және адамдармен сөйлесе білу қабілетінің арқасында алғашқы толқындағы демократ алдымен депутат, сосын Төменгі Новгород облысының губернаторы болды. Ельциннің бірінші шақыруындағы басқармашы өзінің алғашқы қателіктерінен қорытынды шығарып, сол арқылы басқаларды да тәрбиеледі. Губернатор ретінде Шешенстандағы соғысқа байланысты федералды орталықтың саясатына қарсы шықты», - делінген хабарламада. Ресей президенті Владимир Путин белгілі саясаткердің отбасына қайғырып көңіл айтты. Ол бұл оқиғаны «әлдекімдердің қасақана жасаған арандатушылығы» деп бағалады. Ресей президенті Борис Немцовтің өліміне байланысты барлық іздестіру жұмыстарының өзінің бақылауында болатынын мәлімдеді. Мұрат Айтқожа.