29 Маусым, 2015

Instagram әлеуметтік желісі жаңа қызмет түрлерін ұсынды

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29-06-2015-Instagram-Logo 01АСТАНА. 29 маусым. Instagram желісі қызмет түрлерінің қатарын толықтырды. Енді әлеуметтік желіні қолданушылар географиялық жағдай және маңызды ақпараттар ағыны бойынша өзіне қажетті дүниені іздеп таба алады. Бұл туралы instagram-ның ресми блогындағы жазбаға сүйенген lenta.ru хабарлады. Жаңа қызмет желінің жаңарған instagram 7.0 нұсқасында Places Search тетігі арқылы жұмыс істейді. Қосымша әдеттегідей iOS және Android операциялық жүйелеріне арналған. Одан бөлек, қолданушылар Explore парағы арқылы суреттердің жиынтығын көре алады. «Біз алғашқы кезден-ақ осындай қызмет түрін жоспарлаған едік. Бұл қызмет әлемнің әр түкпірінде болып жатқан оқиғалардан хабар беріп тұрады», – дейді instagram желісін құрушылардың бірі Кевин Систром. Мамандардың пікірі бойынша, аталған желі мұндай қадамдарға twitter-ді басып озу үшін баруда. Әзірге жоғарыда айтылған қызмет тек АҚШ-та ғана қол жетімді. Жуырда Еуропа және бүкіл әлем қамтылатын болады. Айта кетейік, қазіргі таңда әлем бойынша instagram-да тәулігіне 70 млн. фото және видеоматериалдар жарияланады. Еламан Қоңыр. Дерек: lenta.ru. Сурет: geek-nose.com.