ПЕТРОПАВЛ. 28 ақпан. Полиция қызметкерлері із кесуші-қызметтік иттердің көмегімен жыл басынан бері 80 қылмысты әшкереледі. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жуырда облыс орталығында ірі пәтер тонау фактісі тіркелген. Ұрлыққа қатысты дабыл түсісімен «Росси» есімді неміс овчаркасын жетелеген кинолог мамандар мен жедел тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Иісшіл ит бірден қылмыскердің ізіне түсіп, нәтижесінде екі адам құрықталған. Мамлют ауданы тұрғынының ұрланған ұялы телефонының табылуына да төрт аяқты сенімді көмекшілердің үлкен жәрдемі тиген.
–«Россидің» иісшілдігі керемет. Бір де-бір қылмыскерді бұлтартқан емес. Өз «қызметінде» 200-ден астам қылмысты тұзақтады, дейді кинологтар.
Ізшіл иттер есірткі заттарын іздестіруге де кеңінен пайдаланылады. Олардың көмегімен 25 килоға жуық есірткі тәркіленіп, 400-ге жуық қылмыс ашылған.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: ОІІД-нің баспасөз орталығынан алынды.
• 28 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстанда иттердің көмегімен 80 қылмыс ашылды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20