Қоғам • Бүгін, 14:23

«Дидарлы жаз – 2026»: балаларға қуаныш сыйлаған жарқын бастама

3 мин
оқу үшін

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының білім беру мекемелері қабырғасында ерекше мерекелік шара ұйымдастырылды. Білім мен тәрбиені ұштастырып келе жатқан білім ордасында балаларға арналған жазғы жобалардың салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Дидарлы жаз – 2026»: балаларға қуаныш сыйлаған жарқын бастама

Мерекелік іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Шара барысында қалалық «Дидарлы жаз – 2026» спорттық-ойын алаңдары жобасының ресми ашылуы жарияланды.

1

«Дидарлы жаз – 2026» – Астана қаласының білім беру ұйымдарын біріктіретін ауқымды қалалық акция. Жобаның басты мақсаты – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың ұлттық, ойын және қозғалмалы спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру. Жоба жас ұрпақтың бойында жылдамдық, күш, төзімділік пен ептілік қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Астанада 100-ге жуық іс-шара өтеді: Бүгін балаларды қайда апаруға болады?

Жоба аясында 5-6 сынып оқушылары «Қала ішіндегі қала» жылжымалы ойындары, футбол, волейбол, асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ бойынша түрлі жарыстарға қатысады. Бұл балалардың бос уақытын пайдалы өткізуіне ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де мүмкіндік береді.

2

Салтанатты жиында мектеп директоры Мұрат Ескендірұлы Ахметов пен Астана қаласы әкімдігінің «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының директоры Гинаят Хамитұлы Сыздықов сөз сөйлеп, жиналған қауымды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Конституциялық Сот: Балалардың заңды мүдделерін қорғау – басым бағыт

Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлермен, флешмобтармен, би қойылымдарымен және қызықты ойындармен жалғасты. Ертегі кейіпкерлері мен роботтың қатысуы балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған «Qanat Smart Camp» лагері, 5-10 сынып оқушыларына арналған «Smart Bala» IT және жасанды интеллект бағытындағы «Ұлы дала және 3D әлемі Digital Generation» бейінді лагері мен республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының ІІ кезеңі де өз жұмысын бастады.

Динара Зәкиева: Балаларға қамқорлық жасау – мемлекеттің басты басымдығы

Шара соңында оқушылар асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, шығармашылық қабілеттерін паш етті. Балалардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл-күйі мерекенің жоғары деңгейде өткенін аңғартты.  Балаларды қорғау күні мектеп өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналып, жазғы демалыс маусымының жарқын басталуына жол ашты.

Жанбота БАХЫТБЕК

Соңғы жаңалықтар