АСТАНА. 29 маусым. Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасынан 4 адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған 24.kz хабарлады.
Облыстағы «Барок» демалыс орны маңында 1991 жылы туған Ресей азаматы суға түсу кезінде батып кеткен. Мәйітті Бұқтырма суда құтқару қызметінің мамандары сыртқа алып шыққан. Сондай-ақ, құтқарушылардың көмегіне аталған су қоймасының Қарақол ауылы маңындағы бөлігінде суға кеткен үш адамның туған-туыстары жүгінген.
Айта кетейік, қайыққа мінген 3 адам аударылып, батып кеткен. Айлайда, дәл сол уақытта батқан азаматтарды судан құтқару қызметі іздегенімен таба алмады. Тек бүгін таңертең 3 адамның денесі су бетіне қалқып шыққан. Мәйіттерді көрген жергілікті тұрғындар жағаға шығарған. Олар 1998, 2000 және 2006 жылы туған жасөспірімдер екені анықталды.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: 24.kz.
• 29 Маусым, 2015
Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасынан 4 адамның мәйіті табылды

Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше