Тергеу нұсқасына сәйкес, ведомствоның лауазымды тұлғалары үшінші тұлғалармен сөз байласып, жергілікті мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырумен айналысқан.
12 млрд теңге ұрлаған: Түркістан облысында білім бөлімінің басшысы мен бухгалтерлері сотталды
Ұстау 1 маусымда болған, сол күні күштік құрылымдар іске қатысы бар деген адамдардың тұрғылықты және жұмыс орындарында тінту жүргізген. Гүлсім Оразбаева Қостанай қалалық білім бөлімін 2021 жылдың қаңтарынан бері басқарып келеді. Білім саласында шамамен 30 жыл еңбек еткен. Тергеу мүддесіне байланысты прокуратура өзге ақпаратты әзірге жариялаған жоқ.