Қоғам • Бүгін, 10:00

Мүгедектерді оңалтатын орталық

2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында 2026 жылдың аяғына дейін бірнеше қалада мүм­кіндігі шектеулі жан­дарға арналған орталық ашуды тапсырған еді. Осыған орай Атырау­да «Алмалы» заманауи оңал­ту орталығы ашыл­ды.

Мүгедектерді оңалтатын орталық

Бүгінде мұнайлы өңірде­гі мүгедектер саны 27 901 адамға жетіп отыр. Оның ішінде бірінші топта 3 001, екінші санатта 9 977, үшінші топта 9 869 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Кәмелет жасына толмаған мүгедектер саны – 5 054.

Тағдырдың теперішін тарт­қан жандарға арнап ашылған жаңа орталық Алмалы ауыл­дық округінде орналасқан. Бұ­рын бұл ауыл Махамбет ауданына қарайтын еді. Кейінгі жылдары Атырау қалалық әкімдігінің бөлінісіне беріл­ді. Бұдан үш жыл бұрын осы ауылда құрылысы басталған нысанның жалпы аумағы 22 мың шаршы метрді құрайды.

«Алмалы» әлеуметтік оңал­ту орталығының директо­ры Анар Қаюпованың ай­туын­­­ша, мұндағы қыз­мет түрі алты бағытта – әлеу­мет­тік- тұр­мыс­тық, меди­цина­л­ық, пси­хо­ло­гия­лық, пе­дагогикалық, әлеу­мет­тік-еңбек, мәдени оңал­ту ба­ғыттарында ұйымдас­тырылады.

«Орталық мамандарының басты мақсаты – мүмкіндігі шектелген жандарға жайлы орта қалыптастыру. Жаңа мекеме кешенді оңалтуға арналған заманауи құрал-жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етіл­ген. Әр қызмет алушыға жеке оңал­ту, әлеуметтік бейім­деу бағдарламасы әзірлене­ді. Оларға дәрігерлер, мейіргер­лер, психологтер мен логопедтер, дефектологтер, барлығы 189 маман қызмет көрсетеді», дейді А.Қаюпова.

Орталық мамандары бір мезетте 150 адамды қа­былдайды. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен мүмкіндігі шектелген 1 100 адамға оңалту көмегі беріліп келген. Енді мұндай қолдау алатындардың саны 2 300 адамға дейін көбейеді.

Орталықта кәмелет жасы­на толмаса да, мүгедектік санаты берілген балаларға да ерек­ше назар аударылғалы отыр. Әсіресе тірек-қимылы бұзыл­ған, церебральды сал ауруына шалдыққан, Даун синдромы мен аутизм спектріндегі ауыт­қуы бар 3 пен 18 жас ара­лығын­дағы балаларға кешенді оңалту қызметі көрсетіледі. Осы­ған арналған АВА-терапия ка­би­неттері, механотерапия зал­да­ры, сенсорлық интегра­ция бөл­мелері, сондай-ақ еңбек, арт-те­рапия шеберханалары бар.

«Ересектерді, әсіресе бірін­ші, екінші топтағы мүгедектік санаты берілген адамдарды оңалту курсынан өткізуге қо­лай­­лы жағдай жасалып отыр. Мұнда физиотерапия ка­би­нет­тері, заманауи құрылғы­лар­мен жабдықталған емдік дене­шы­нықтыру залы, бассейн, су емдеу кешені бар», деді А.Қаюпова.

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Берлинде бас қосқандар

Таным • Бүгін, 11:18

Ұшақ қонатын күн алыс емес

Аймақтар • Бүгін, 11:17

Жалғыздықты жеңген мейірім

Аймақтар • Бүгін, 11:14

Елдос татамиге оралады

Спорт • Бүгін, 11:08

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:05