ПЕТРОПАВЛ. 29 маусым. М.Жұмабаев пен К. Сүтішев көшелерінің қиылысында дәмхана, балалар орталығы, сауда нүктелері орналасқан еңселі ойын-сауық кешені алапат өрт құшағына оранды.Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі депараменттің мамандары хабарлады.
Қызыл жалын 27 маусым күні сағат 12-30-да басталып, 4 сағатқа созылған. Осы уақыт аралығында 22 техника мен 70-ке жуық адам жұмылдырылса да, 3 қабатты ғимараттты сақтай алмады, түгелге жуық жанып кетті. Көтерілген желдің салдарынан «тілсіз жау» көрші 5 қабатты тұрғын үйге «ауыз салып», несиелік қаражатқа күрделі жөндеуден өткен шатырды жалмап түсті. Осында тұратын 100-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерлерге шығарылып, пәтерлер газ баллоны, электр құралдары секілді жарылғыш заттардан залалсыздандырылды. Басқа да шаралар жіті ұйымдастырылды.
«Адам шығыны жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Түрлі жорамал болғанымен, тексеру-амалдарының қорытындысы бойынша нақты шешім алынады», дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Евгений Журавлев.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.
Сурет: egemen.kz
• 29 Маусым, 2015
Петропавлда ойын-сауық кешені мен көпқабатты тұрғын үй өртке оранды

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше