29 Маусым, 2015

Қостанайда 10 жасар баланы ит талап өлтірді

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29.06.2015 QOSҚОСТАНАЙ. 29 маусым. Қостанай ауданының орталығы Затобол кентінде 10 жасар ұл баланы ит талап өлтірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кешке балалармен үйдің маңайында ойнап жүрген бала жоғалып кеткен, оны ата-анасы, туыстары бүкіл кентті шарлап іздеген. Ал оның мәйітін бір-екі күннен соң үйдің артында ғана 100 метрге жетпейтін жерден тауып алған. 29.06.2015 QOS-1Сергейдің анасы Любовь Анатольевна: «Біз оның жүзін көре алмадық, табытқа салып әкелген күйі жерлеуге алып кетті» деді. Сергейдің отбасына  оның мәйітін тауып алған полицейлер баланы ит талап өлтіргені туралы ғана айтқан. Оның бүге-шігесін туралы үндемеген. Оның қалай болғанын баланың ата-анасы, туыстары онсыз да бағамдаған. Тұрғын үйлердің маңайынан Елена Тукпкало деген әйел «Азия-век» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жер жалға алған. Онда ұстаған иттер байланбай, бос жіберілген. Ойын баласының  ол жерге қалай барып қалғаны белгісіз. Баланың мәйітін тауып алғаннан кейін, иттер атып тасталған. Сергейдің анасы Любовь Анатольевна: «Менің ұлым мүгедек, орталық нерв жүйесі зақымданған. Ол қорыққан кезде көгеріп кететін, дыбысы шықпай қалатын. Ол ит талаған кезде айқайлап, хабар бере алмаған. Әйтпесе жан баласы естір еді ғой» дейді. Қазір ол сотқа дейін анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: kstnews.kz