30 Маусым, 2015

Француз бағдарламасы енгізіледі

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Астанада 22-25 маусым аралығында халықаралық «Білім және ғылым саласына қажетті әлеуетті дамыту» атты семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғылым минис­тр­лігінің Ғылым комитеті, сон­дай-ақ, бірқатар халықаралық ұйымдастырушылар: Ғылыми экономикалық ынтымақтастық ұйымдастыру қоры, Француз қоры «LAMAP», ЮНЕСКО, Ис­лам Даму банкі және Халықаралық ғылым, технология және инновация орталығы ұйымдастырды. Семинар-тренингтің мақса­ты – дарынды балалар мен орта сы­нып оқушыларын ғылым мен мате­матикаға баулу әдіснамасымен қамта­масыз ету; ғылым сауаттылығын кө­теріп, оны қоғамда түсіну; студент­терді жаңа ғылыми идея- лармен айналысуға дайындау, ғы­лыми және инженерлік маман­дықтардың тапшылығын жою мақсатында ғылым және инженерия мамандықтарын таңдау бойынша оқушылар санын арттыру. Семинар соңында қатысу­шылар Фран­ция­ның La main à la pàte идеясымен танысып, оның 10 қағидасын үйренді. Айта кету керек, La main à la pàte бағдарламасы балаларды өзара талқылауға үйрету арқылы олардың мәселе­лерді шешуге өзара ықпалын көтермелеп, сындарлы ынтымақ­тастыққа ша­қырады. Түрлі сабақ­тар­дың көмегі арқылы Эконо­ми­калық  ынтымақтастық ұйы­мы аймақтары білім және ғы­лым саласындағы қажетті ғылы­ми-зерттеу әлеуетін дамыту тәжі­рибесін алады. Аталған бағдар­лама еліміздің мектептеріне енгі­зіледі деп жоспарланып отыр. Динара ДОСПАН.