30 Маусым, 2015

Келісімдерге қол қойылды

238 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің Қытайға жұмыс сапары басталғанын бұдан бұрын хабарлаған едік. Сапардың келесі кезеңінде «Қазақстан темір-жолының» басшысы Цзянцу провинциясының губернаторы Ли Сюеюнмен кездесті. Оның барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылды. Осы жерде атап көрсететін бір жайт – Цзянцу провинциясының тұрғындары 74 миллион болса, аймақ­тық ішкі жалпы өнімі АҚШ-тың 1 триллион долларынан асады. Ал кездесуге орал­сақ, Лянь­­­юньган портының ға­жайып мүм­кіндіктері саралана келе, онда Қазақстан бағытына жіберілетін жүктерді жинақтап, оны Орталық Азия, Парсы шы­ға­нағы, Түркия, Еуропаға бағыттау үшін Ляньюньган қаласынан ШЫҰ логистикалық аймағын жа­сақ­тауға белсенді кірісу туралы пі­кір­лер айтылды. Сонымен қатар, жобаны жү­зе­ге асыруда «Қорғас-Шығыс қақ­­пасы» АЭА-ны дамыту жайы да қарас­­тырылды. 2015 жылғы бес айда Ляньюньган портынан Алтын­көл/Достық бағытына 141 контей­нерлік пойыз жөнелтілген. Асқар Маминнің Шаньси про­винциясының губернаторы Лоу ­Циньцзянмен кездесу бары­сында тараптардың кө­ліктік-логистикалық саладағы серіктестік аясы әлеуетінің мол­дығы, бірлескен кәсіпорынды, мультимодальдық экспорттық-импорттық, транзиттік тасымал­дауды барлық жағынан қолдау қажеттігі айтылды. Кездесу соңында үшжақты келісімге келген тараптар «ҚТЖ экспресс» АҚ, Сиань құрлықтық логистикалық компаниясы мен халықаралық логистикалық құр­­ғақ порты арасында бірлескен кәсіпорын (БК) құру туралы ортақ келісімге қол қойды. Қазақстандық делегация Шань­­си про­винциясының Сиань қала­­­сы­­ның ха­лық­ара­лық логис­ти­ка­­лық құр­ғақ пор­тының жұмы­сы­­мен танысты. Анықтама: Шаньси ҚХР-дың барынша экономикалық жағы­нан дамыған, Қытайдың орта­лық бөлігінде орналасқан про­винциясының бірінен саналады. Тұрғындары 37 миллион адам. Шаньсидің аймақтық ішкі жалпы өнімі 287 млрд. долларды құрайды, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.