30 Маусым, 2015

Елшімен кездесті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжілісте палата Төра­ғасының орынбасары Сергей Дьяченко Куба Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Серра Диаспен кездесіп, Қазақстан-Куба қа­рым-қатынасын нығайта түсу мәселелерін талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Мәжіліс вице-спикері Ку­ба Қа­зақстанның Кариб бас­сей­ніндегі сенімді серіктесі екендігін атап, біздің еліміз алдағы уақытта да мемлекеттер арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты өр­кендетуге мүдделі екендігін білдірді. Екі ел арасында өзара пайдалы әрі мүдделі бағыттар көп бол­ған­дықтан, Мәжілістің вице-спикері Куба іскерлерінің ком­панияларын «ЭКСПО-2017» халық­аралық маман­дандырылған көр­месіне қатысуға шақырды. Қазақ­станның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақ­ты емес мүше болуға ұмты­лысын қолдағандықтарына алғы­сын жеткізді. Кубаның Сыртқы істер вице-министрі қазақстандық спортқа деген жоғары көз­қа­ра­сын айта келе, ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месіне қаты­са­тын­дықтарын мәлімдеді. «Қазақ­стан ғаламдық қауіпсіздікті ны­ғай­туға үлкен үлес қосып отыр», – деп баға берді. «Қазақстан Кариб ай­ма­ғына біз арқылы өтсе, қуанар едік», – деген ақжарма тілек­пен  парла­ментаралық байла­ныстарға тоқталды. Қазақстан парламентшілерін заң шығару жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында еліне шақырды. Жүздесуге Қазақстан та­ра­пынан Мәжілістің Халық­аралық істер, қор­ғаныс және қауіп­сіздік комитетінің төраға­сы Мәулен Әшімбаев пен Ку­баның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Вальдес Де Ла Консепсион қатысты.