АТЫРАУ. 2 наурыз. Атырау қалалық ішкі істер басқармасына қарасты жол-патрульдік полиция батальонының инспекторлары бір мезгілде бейнекамераға, фотосуретке және дыбыс жазуға арналған әмбебап құрылғымен қамтылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерлан Биғамбаевтың журналистерге мәлім еткеніндей, батальонда 220 инспектор қызмет етеді. Әзірге олардың 25-і кеудеге тағатын әмбебап құрылғымен қамтылды. Дегенмен, биылғы бірінші тоқсанның аяғына дейін мұндай құрылғымен жол-партульдік полиция батальонындағы жеке құрамның 80 пайызын қамту көзделіп отыр. Бұл құрылғыны қосулы күйінде полиция қызметкері кезекшілікке шығар алдында рациямен бірге алады. Бейнекамера 12 сағат бойы қосылып тұрады. Бұған қоса фотокамерасы мен диктофоны және бар.
«Бұл құрылғыға жазылған ақпаратты полиция қызметкерінің өз бетімен өзгертуі мүмкін емес. Өйткені, облыстық ішкі істер департаментінің техникалық байланыс басқармасында мұның «тілін» білетін бір қызметкер бар. Тек сол қызметкердің деректер базасына кіруіне рұқсат етілген. Тіпті, басшылық құрам да деректер базасына кірудің құпия санын білмейді. Егер қандай да бір оқиғаға байланысты дауды анықтау мәселесі туындаса, тек арнайы маман ғана деректер базасына кіріп, бейнежазбаның не фотосуреттің үзіндісін ұсына алады», деді басқарма басшысының орынбасары міндетін атқарушы Ерлан Биғамбаев.
Бір ерекшелігі, әмбебап құрылғымен кез келген құқық бұзушылықты таспаға түсіруге болады. Тіпті, түнгі мезгілде де сапалы жазба жасаудың мүмкіндігі бар. Әсіресе, бұл құрылғы құқық бұзушылар арасында туындайтын даулы тұстарды, ішімдік ішкен, кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысатын, сонымен бірге, жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің талабына бағынғысы келмейтін жүргізушілердің әрекетін таспаға түсіруге таптырмайтын құрылғы болмақ. Әрине, полиция қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру мен жемқорлықтың жолын кесугеде оң әсері тигізеді деген үміт бар.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек:egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20