Мұның алдында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ирина Эктованың үш қарғып секіруден 2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғаны, іле-шала Дариға Шәкімованың бокстан Азия чемпионы атанғаны солтүстікқазақстандықтарды қуантса, Аманғали Бекболатовтың табысы мерейлерін тіпті асырды. Сөз арасында командаластар арасында Дариғаның жалғыз алтын сыйлағанын, ал Аманғалидың ел құрамасына жүлде тарту еткен дара саңлақ екенін ескерсек, үшінші орынға табан тіреуін ғажайып жеңіске балаған болар едік.
Сол себепті Бразилияда ұйымдастырылған жастар арасындағы грек-рим күресінен әлем біріншілігінің жүлдесін қанжығаға өңгеріп әкелген оны қарсы алу үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров теміржол вокзалына арнайы барып, жас балуанның қолын қысты. Аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Туған-туыстары мен спортсүйер қауым гүл шоқтарын ұсынып, үлкен қошемет көрсетті.
Аманғали – грек-рим күресінен Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Бүгінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқиды.
– Әлем біріншілігіне баратын спортшыларға бөлінген қаражаттың шектеулігінен Аманғалидың додалы бәсекеге қатысу-қатыспауы екіталай еді. Облыс әкімінің тікелей қолдауы арқасында қажетті қаржы табылып, енді, міне, мыңдаған жанкүйерлердің сенімін ақтай білді. 58 елден келген 200 спортшы арасынан маңдайы жарқырап, ел құрамасына жалғыз жүлде әперуін қалай әспеттесек те жарасады, – дейді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин.
Ол осыдан үш жыл бұрын Болгарияда олжа салған жерлесі Ақан Баймағанбетовтің жеткен жетістігін, алған асуын бағындырды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54