20 Тамыз, 2015

Өзім білемін деп өкініп қалды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл туралы бізге Ақмо­ла облыс­тық балалар ауруха­на­сының бас дәрігері Қайыр Абдрахманов хабарлады. Жет­кін­­шек мұнда жедел жәрдем көлігі­мен әл үстінде жеткізілген екен. Қала тұрғынының 2008 жылы туған баласы ауруханаға таңғы 5-те алып келінген. Шұғыл түрде қайта ота жаса­ған дәрігерлер оған «циркумцизодан кейінгі қабыну» диаг­нозын қойыпты. Кейін анық­талғанындай, баласын сүндетке отырғызу ниетіндегі әке ота­шыны алыстан іздемей, өзі іске кірісіп кеткен. Мұның соңы қан кетіп, баланың қы­зуы көтеріліп, әлсіреуіне әкеліп соққан. Ақыры «қожа әке» жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болыпты. Қазір бала учаскелік дәрігерден көмек алып жүр. – Мұндай жағдай, тіпті, көпті көрген дәрігерлердің тәжі­рибесінде кездеспеген, – дейді Қайыр Хамитұлы. – Оқиғаға селқос қарауға болмайды. Мұның өкінішті салдары болуы мүмкін еді. Сондықтан, полицияға, денсаулық сақтау басқармасына хабарладық. Бала әкесінің қылығы көпшілік талқысына түсуі керек. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». КӨКШЕТАУ.