Қоғам •

Open Air концерті: «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

1 мин
оқу үшін

Елорда күніне орай, 6 шілдеде «Астана Арена» стадионы алаңында Open Air форматындағы мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Open Air концерті: «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі

Фото: Астана әкімдігі

Іс-шараға келушілердің қолайлығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында концерт өтетін күні «Астана Арена» стадионы маңында, «Алау» мұз сарайы мен «Сарыарқа» велотрегі жағынан көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

«Жүргізушілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет», делінген ақпаратта.

Айта кетейік, Астана күніне орай елордада ауқымды мерекелік бағдарлама әзірленді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап шаһардың әртүрлі алаңдарында 200-ден астам іс-шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар