ПЕТРОПАВЛ. 2 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысының ғалымдары теріскейдің қытымыр ауа райына бейімделген әрі азық-түлік талғамайтын қазақтың ақ бас сиырының үш түрін өсіріп шығарды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Асыр салып, құлдыраңдап жүрген төлдерге Граф, Шаман, Пион деген аттар телінген. Ғалымдардың айтуынша, бұл асыл тұқымды малдардың шетелден әкелінетін сиырларға қарағанда артықшылық жақтары көп. Бір жарым жылда 300 келіге дейін таза өнім беретін көрінеді. Солтүстіктің суық климатына төзімді сиыр малын алу үшін ғалымдар 20 жылға жуық еңбектенген. Қазір үш асыл тұқымды малдан үш мыңдай төл өрбіген.
Жаңа тұқымды өсіру шараларын жүзеге асыру мақсатымен ақ бас сиырдың эмбрионын Шығыс Қазақстан облысынан әкеліп, өзі тұқымдас малмен будандастырған. «Азық-түлікті талғамай жейді. Басқа малдарға қарағанда тез жетіледі. Еті де халықаралық талаптарға сай. Көп вакцинаның керегі жоқ», дейді осы жолда мол еңбек сіңірген ғалымдар.
Жаңа туған бұзау күніне бір келіден артық салмақ қоса алады екен. Бір жарым жылда айналасы үш-ақ тонна азық жеп, 300 келіге дейін таза ет береді.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 03 Наурыз, 2015
Солтүстік Қазақстанда теріскейге жерсінген мал өсірілді

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше