Фото: Ашық дереккөз
Бір тәулік ішінде Brent маркалы мұнайдың бағасы шамамен 2%-ға өсіп, барреліне 75,5 долларға жетті.
Сондай-ақ америкалық WTI маркалы мұнайдың бағасы да барреліне шамамен 72 долларға дейін көтерілді.
Дегенмен сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының одан әрі өсуі шектеулі болуы мүмкін. Маусым айында Біріккен Араб Әмірліктері мұнай өндіру көлемін рекордтық деңгейге жақындатты. Ал тамыз айынан бастап ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр.