31 Наурыз, 2015

Захарченко жасақшыларға қаруларын тапсыруды бұйырды

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-03-15-donbass-1

АСТАНА. 31 наурыз. Өзін өзі жариялаған Донецк Халық Республикасының басшысы Александр Захарченко күштік құрылымдардың мүшесі болып табылмайтын тұлғалардың бәрінің 4 сәуірге дейін қары-жарақтарын тапсыруларын міндеттейтін жарлық шығарды. Бұл туралы «Аргументы и факты» хабарлады. Жарлыққа сәйкес, белгіленген мерзімге дейін қаруларын тапсырмағандар қарақшылық ұйымдардың мүшелері болып саналады. Бұйрыққа бағынбағандар қылмыстық жауапқа тартылады. Мұндай шараның тәртіпті ұстап тұру үшін қабылданып жатқаны атап өтілген. Қарулар әскери комендатурада қабылданады. Мұрат Айтқожа.