04 Наурыз, 2015

Қазақстан Еуразия құрлығында логистикалық хаб жасақтамақ

442 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Дубай қаласында (БАӘ) «Жібек жолы: Азия мен Еу­ропа арасындағы сауда жүйесіндегі логистиканың жаңа мүм­кіндіктері» атты халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин Қазақстанның еуразиялық көліктік-логистикалық және іскер­лік хабқа айналуы туралы стра­тегиялық идеяны алғаш Прези­дент Н.Ә.Назарбаев Жібек жолын жаңғырту туралы сөзінде қозғағандығын атап өтті. «Біз қазақстандық «Қорғас» АЭА мен Ақтау теңіз порты жетек­ші­лерімен кездесу кезінде порттар және логистика саласындағы тәжірибелерімізбен бөлісуге әзірміз. Бұл Қазақстанның қазіргі за­манғы логистикалық хаб ретінде аймақтағы сауда транзиттік әлеуетін күшейтіп, экономикалық дамудың локомотивіне айналуына ықпал етеді», деп атап өтті DP World бас атқарушы директоры Мұхаммед Шараф. Бұған дейін қол қойылған ҚТЖ мен DP World арасындағы келісімшартқа орай, халықаралық логистикалық оператор «Қорғас- Шығыс қақпасы» арнайы эконо­микалық аймағы мен Ақтау теңіз портына кеңестік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, әлемдік компанияларға логистикалық шешімдерді даярлайды. Сарапшылар 2014 жылы ай­мақ­тағы сауда айналымы 800 млрд. АҚШ долларын құраса, 2020 жылға дейін 1,2 трлн. АҚШ дол­ларына, Қытай мен Еуропа ара­лы­ғындағы жүк тасымалы 170 млн. тоннаға жетеді деген болжам жасап отыр. «Қазақстанның Қытай, Ре­сей, Парсы шығанағы елдері, Еуро­одақ, еуразиялық кеңістік бағыт­тарындағы тауар айналымының артуына байланысты жаңа архи­тектуралық көліктік дәліздер қалыптаса бастады, деп атап өтті ҚТЖ президенті Асқар Мамин. Форум барысында шетелдік инвесторлардың қатысуымен Қазақ­станның көліктік-логис­ти­ка­лық жүйесін жетілдіру мен транзиттік әлеуетін дамытудың жобалары талқыланды. «Жаңа Жібек жолын дамыту болашағы: Азия мен Еуропа ара­сындағы құрлықаралық көпір» мен «ҚР аумағындағы арнайы экономикалық аймақтарды дамыту» атты панельдік сессия­ларда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Ғосман Әмрин, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Қанат Алпысбаев, «KTZ Express» АҚ президенті Санжар Елубаев, EMEA LogisticsHewlett-Packard аймақтық директоры Рональд Клейвит, тағы басқалар сөз сөйледі.