Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Сайлауалды Бағдарламасы
Кіріспе
XIX ғасырда ғылыми коммунизмнің негізін салушылар – Карл Маркс пен Фридрих Энгельс тарихи тәжірибеге сүйене отырып, қоғамдық дамудың объективті заңдарын шығарды және азаматтық қоғамның жаңа коммунистік формацияға өтетіндігін теориялық тұрғыда дәлелдеп көрсетті.
Біз ғылыми коммунизм идеяларының сақталуы үшін үлкен қадам жасадық. Көпсатылы даму кезеңінен өттік.
Партияда партиялық бақылаудың бюрократиялануына қарсы тұрудың, даму үрдістерін болжаудың, өзгермелі жағдайларға уақтылы жауап беретін тұрақты тетіктері жұмыс істейді.
Бұлардың бәрі өмірдің қажеттіліктерінен туындайды, бұқараның жанды шығармашылығына сүйенеді.
Марксизм-ленинизм – коммунистік партиялардың үндес, тұтас, ғылыми дәйектелген дүниетанымы.
Өзінің болмысы жағынан шығармашылық үйрену және өмірмен ажырамас байланыста бола отырып, марксизм үзіліссіз даму үстінде, жаңаны, ғылым дамуындағы жаңаша мәліметтерді жинақтау негізінде толығады.
Марксизмнің өзара үйлесімді байланыста болатын негізгі құрамдас бөліктері болып диалектикалық және тарихи материализм, экономикалық оқу мен ғылыми коммунизмнің теориясы саналады.
Диалектика, Маркстің түсінігінде және Гегельге сәйкес, өзіне танымның шығуы мен дамуын оқып-үйрене және ортақтандыра отырып, өзінің керегін теңдей алғанда тарихи тұрғыдан қарастыруға тиіс. Ол бүгінде таным теориясы, гносеология деп атайтынды қосады.
Марксизмнің күші мен өміршеңдігі, одан шегінудің қауіптілігі тарихи дамудың барлық сатыларында дәлелденді.
Марксистік философия коммунизмнің философиялық негіздемесі ретінде көрінеді. Ол объективті шындықтың дамуының жалпы заңдарын зерттейді және олардың әрекеттері тұрғысынан – коммунизм біреудің тілегінен емес, тарихи үдерістің табиғи қадамынан туындайтынын көрсетеді.
Мұның соңғысы қоғамдық ұйымдардың бір түрінен екіншісіне қозғалысын, демек, капитализмнен коммунизмге өту дегенді білдіреді.
Маркстік-лениндік теорияның мақсаты әлеуметтік теңдік пен адамзаттың аса оңтайлы, нағыз адамгершілікті ұйым – коммунистік қоғамдық-экономикалық формация қалыптастыру үшін қандай жағдай керек екенін айқындау мен жолдарын көрсету болып табылады.
Бұл – өмірді дұрыс ой елегінен өткізіп, іс-қимылдың тиімді стратегиясы мен тактикасын белгілеуге мүмкіндік беретін аса қуатты рухани, интеллектуалды ілім. Энгельс атап өткендей, саясатта тек ашық талдау ғана деректер шырғалаңынан шығаратын дұрыс жолды айқындай алады.
Негізгі қағидаттар
XXI ғасырда бірқатар мәселелер туындайды.
Шетелдік әлемдік-жүйе дағдарыстық жағдайға енді: қоғамның жаңаша даму түрі іздестірілуде.
Қазіргі Батысқа тән негізгі сипат – экономикада, қаржыда трансұлттық корпорациялар өктемдік ететін жаһандану дәуірінде постиндустриялық даму сатысына еніп, байлар мен кедейлер табына бөліну.
Басқаруға келмейтін демографиялық үрдістер, босқындар санының көбеюі гуманитарлық апатқа әкелуі мүмкін.
Қоғамның жаппай компьютерленуі, әсіресе, батыстық электронды БАҚ-тар қоғамдық сананы билеп, индивидуализмді адамдар арасындағы қатынасты үзу үшін пайдаланса, бұл планетаның мәдени қабатының тоқырауға ұшырауына алып келуде.
Тек коммунистер ғана емес, сонымен бірге, ірі саясаткерлер мен экономистер және ғалымдар батыстық қоғамды әділетсіз деп есептейді. Адамзатты түрлі халықтардың, адам мен табиғаттың мүдделерін тең дәрежеде үйлестіретін даму үстіндегі коммунистік идея ғана құтқара алады.
Планетамызда қанат жайған батыстық өмір салты өзіне тән заңдарды, қарама-қайшылықтарды, әлеуметтік жараларды барынша кеңінен тарату үстінде. Онда дұшпандық, оның ішінде буржуазиялық негізде құрдымға жіберетін үрдістер туындататын жаңа, бұрынғыдан прогресшіл қоғамдық қатынастар айқын көрініп отыр. Осының бәрін ой елегінен өткізіп, қажетті қорытынды шығаратын кез келді.
Негізгі мақсаттар
Қазақстанның Коммунистік халық партиясы – коммунистік идеяны қолдаушы азаматтардың ерікті ұйымы.
Біз қоғам дамуының біртұтас материалистік теориясы ретіндегі марксизм-ленинизмнің ғылыми және идеологиялық негізінде әрекет етеміз.
Коммунистер үшін марксизм – қоршаған әлемдегі өзгерістер негізінде үнемі даму үстіндегі әрі қоғам дамуындағы жаңа деректер мен құбылыстарды жинақтап, игеретін шығармашылық ғылым.
Бүгінде коммунистер өздерінің идеялық-теориялық мұраларын сақтаулары тиіс. Бірақ ескі қағаздарды сақтайтын архивариустар сияқты болмауы керек. Мұраны сақтау – жаңа жағдайларда ескі түйіндерді қайталау дегенді мүлдем білдірмейді. Мұраны шынайы сақтау дегеніміз – оны ұдайы өсіріп отыру мен коммунистер алдында тұрған міндеттерді шешуде ұтымды пайдалана білу. Біз қашанда өткен күннің қалдықтарына аяқ артпай, шынайы өмірді, нақты деректерді есепке алып отыруымыз керек.
Партияның құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың қағидаты – партиялық бұқараның басымдылығы маңызды болып есептелетін демократиялық орталықтандыру.
Партиялық бұқара – партияның негізі. Партияның стратегиясы мен тактикасын, шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындау, олардың орындалуын бақылау, қателіктер мен кемшіліктерді түзету төменнен басталуы керек. Ал орталыққа қабылданған шешімдердің орындалуын ұйымдастыру, партия құрылымының бірқалыпты қызметін қамтамасыз ету жүктеледі.
Қазақстанның Коммунистік халық партиясы – лениндік түрдегі партия.
Қазақстанның Коммунистік халық партиясы халықаралық коммунистік қозғалыстармен белсенді ынтымақтастыққа ұмтылады.
Қазақстанның Коммунистік халық партиясының қызметі ғылыми социализм идеясын, марксистік-лениндік оқуды және прогресшіл қоғамдық ойларды негізге алады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін марксизм-ленинизмді және Қазақстанның Коммунистік халық партиясының бағдарламалық ережелері мен қызметін насихаттауды қамтамасыз ету қажет.
Марксизмнің тамыры капитализмнің терең материалдық қатынастарында жатыр. Алайда, марксизмде әу баста ешқандай таза рухани, интеллектуалдық негіз болмаған деген ой тумауы тиіс. Жаңа теория сияқты ол бірінші кезекте өзіне дейін жинақталған идеялық, ой-саналық арсеналдан бастау алуы тиіс болатын. Тақыр жерден, бұған дейін болған ілімдерді пайдаланбай ешқандай жаңа теория пайда бола алмайды.
Бұл ілім адам ойы мен мәдениеті дамыған екі мың жылдан астам уақыттан бергі құндылықтарды шығармашылық және ғылыми електен өткізуге арқа сүйейді. Марксизм іс жүзінде сол кезге дейін адамзат ғылымда белгілі бір биіктерді бағындырмаса, пісіп-жетілген қоғамдық проблемалар жинақталмаса пайда бола алмайтын еді. Қалыптаса отырып, марксизм мәдениеттің ең басты игіліктерін оқып-үйреніп, жинақтап, сын тұрғысынан қайта қарап, қорытынды жасады.
Марксизмнің әрбір құрамдас бөлігі бір мезгілде оларға сүйене және оларды түсінуге көмектесе отырып, басқа бөліктерімен тығыз байланысады. Жалаң тілек бойынша қандай да бір жеке бөлігін жұлып алып, басқаларына мойын бұрмауға, сонымен ғана шектелуге болмайды. Философиясыз марксизм тұрмыстың жалпыға ортақ заңдылықтары туралы сенімді біліммен ажырап қалар еді, сондықтан оны шынайы көрсете алмай, өзінің әдістемелік негізін жоғалтып алар еді. Саяси экономиясыз марксизм қоғамның өмір сүруі мен дамуының негізгі тетігін түсінбегендіктен, өзінде болып жатқан өзгерістердің себебін дұрыс түсіндіре алмас еді. Ғылыми социализмсіз (коммунизмсіз) марксизм аяқталмаған күйінде қалар еді.
Марксизмнің пайда болуы бұқараның азаттық қозғалысына түбегейлі өзгерістер әкеліп қана қоймай, адамзаттың қоғамдық санасында түбегейлі төңкеріс жасады.
Біздің пайымдауларымыз
Партия батыстық мәдениет пен құндылықтардың келеңсіз ықпалына ерекше назар аударады.
Еуропа елдерінде қоғамдық тұтыну құрылымдарының қалыптасуы салдарынан пайда болған батыс мәдениетінің дағдарысы батыс өркениетінің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік өмірдің қалыптарын монополиялау талабына қарама-қайшы келеді.
Батыстың кемшін тұсы мәдени салада анық байқалады. Себебі, тұтыну әлеуметтік феномен ретінде белгілі бір деңгейде өмірдің мәнін материалдық мүдделерге апарып тіреуге тоғыстыратын құндылықтар мен идеялар жүйесіне негізделген.
Батыстық мәдениет бизнестің саласына айналды, оның жоғары критерийлері тек материалдық құндылықтар бола бастады.
Батыстық билеп-төстеу мен жалған жаңашылдық ғасырлар бойы қалыптасқан жалпыадамзаттық, этикалық нормаларды моральдың сыртына соңғы кезекке ысырып тастады.
Батыс адамы бірте-бірте адамгершілікті жақсылық жасауға парасатты ұмтылыс санаудан қалып барады. Оған кез келген жолмен ерекшеленіп, әсер қалдыру қажет, тіпті оған лайықты болмаса да өзіне көңіл аудартуға құштар. Бастысы, қандай жолмен болса да атақ пен ақшаға қол жеткізу.
Бұл лайықсыз жоғары пайыздармен табыс табу сайысында батыстық бағытта тәрбиеленген адамдар кез келген жағымсыз іс-әрекеттерге баруға әзір. Ештеңе, ешқандай моральдық шектеулер мен қағидаттар батыстық жалған мәдениет табысының елес құсын қуушыларды тоқтата алмайды.
Адамгершілік құқықтық техниканың жұмысына айналуда. Сондықтан да жергілікті мәдениеттің әмбебаптығына деген батыстық сенім үш кемшіліктен зардап шегуде: ол шынайы емес, ол моральға жат және ол қауіпті.
Бірінші кезекте күшті соққыға батысқа еліктегіш жастар тап келуде. Оларға нақты шындықпен тайталасушы жалған топтардың көлеңкесінде біржолата қалу қаупі төнуде.
Азғын өмір сүру салты, есірткілер, киноблокбастерлер, фастфуд, моральдық ұстанымдарды көзге ілмей-ақ жылдамдатып ақша табу – осылардың барлығы бүгінгі батыстық жалған мәдениет тудырған жаман індет.
Осы заманғы батыстық өнер мазмұнсыз қарадүрсін эмоциялық деңгейге құлдырады.
Осы заманғы батыстық өнерге, іс жүзінде, моральдық тұрғыдан қарағанда қылмыстық сипатқа ие шындықтан алшақтау, реализмге саналы қарсылық тән болды. Ойдан шығарылған, зорлық-зомбылық пен адамгершіліктен ада әрекеттер үстемдік құрған, кері әсер туғызушы әлем қалыптастырылуда. Бұл батыстық адам санасына қатыгездікті сіңіруде, ол әдепті құртуға бағытталған модельді айқындайды.
Принципсіздіктің шегіне шыққан мәдениет құралдары билеп-төстеуге айналды.
Батыстық мәдениет өте төмен адам инстинкттеріне икемделді, адамдардың ең қарадүрсін тән тоятын қанағаттандыруға көшті.
Тегінде, қазіргі батыстық мәдениеттің тоқырауға ұшырауының басты мысалы ретінде кинематографты алуға болады. Кино Батыста негізгі өнер түріне айналды, батыс тұрғындары өмірінің барлық саласына әсер ете бастады.
Бірақ фильмдердің мазмұны барлық батыстық қоғамды төменге қарай, яғни өзіне қанағаттанушылық тудырып, шыңырау түбіне сүйреуде, қарапайым адами құндылықтардан кері кетуде.
Кинематографтың батыстық стандарттары зорлық-зомбылыққа және азғындыққа негізделген. Осыдан келіп дөрекі күшті, жағымсыз кейіпкерлердің өздерінің дегенін істеу құқын романтикаға айналдыру туады.
Батыстық кинематограф зорлық-зомбылыққа деген ұмтылысқа итермелейді, сөйтіп оны адамның ойына келмейтіндей эстетикаға ұластыруға тырысады.
Батыстық мәдениеттің мұндай көңілге күдік ұялататын «жетістіктері» батыстық өркениет қозғалысының барлық бағыттарын күңгірттендіреді.
Батыс мәдениетінде өзінің маңыздылығын жойған әдебиеттің басында да дәл осындай жағдай. Ол кинематографтың ықпалына түсіп, зорлық-зомбылықты және жалпы қоғамдық әрекетсіздікті үгіттеуде.
Оның интеллектуалдық және эстетикалық деңгейі өте төмен, ал моральдық тұрғыдан бұқараны аздырудың, іріткі салудың құралына айналды.
Батыста жарыққа шығатын кітаптардың көпшілігін жазу үшін ақылдың да, ерекше әдеби дарынның да, күштің де қажеті шамалы. Бұл шығармалардың мазмұнына қарағанда мораль тұрғысынан қауіпті шатпақтардың авторларына кәдуілгі көкейге қонымды ақылдың өзі қажет етілмейді.
Кітаптар әдеби шығармашылықтың өлшемдері бойынша емес, қаржылық табысы, газеттердегі дүрлігу, автордың әлеуметтік мәртебесі, тағы басқалар арқылы бағаланады. Ешқандай мәдени құндылығы жоқ, адам бойында жарқын сезім туғыза алмайтын жербауырлаған әдебиет алдыңғы қатарға шығып алды.
Нарықтық баға эстетикалық бағаны ысырып шығарды. Шығармашылық тұлғаның ауқымы алдыңғыларымен салыстыру арқылы емес, оның нарықтық табысы арқылы айқындалатын болды.
Мәдени шығармаларға эстетиканы, моральды, ағартушылықты және гуманизмді басшылыққа алмайтын батыстық масс-медианың жалған сарапшылары төреші болды. Батыста барлық істі бизнесмендер мен масс-медиа өкілдері өз қолдарына алған кезде дарын мен жұмыс қабілеттілігі ысырылып, артта қалды. Терең, ойлы шығармалар ешкімге қажетсіз болып қалды. Оларды шынайы рухани құндылықтармен ешқандай байланысы жоқ комикстер, спецификалық жалған әдебиет ауыстырды.
Батыстық мәдениетте көбіне даралануға ерекше мән беріледі. Адамның барлық іс-әрекеттері өзіне бағытталған. Адамның социумнан тыс өзін өзі дамытуға қабілетсіздігі, тиімді еңбек атқара алмайтындығы белгілі болса да, қоғам үнемі тысқары қалып отыр. Эгоцентристік даралық жаңа батыстық дәстүрдің ізін жалғастырушылардың мінез-құлқындағы басты сипаттың бірі болып саналады.
Тұрмыстық мәдениетте фаст-фуд тұрпайы индивидуализмнің нағыз сыйықсыз түріне айналды. Өкінішке қарай, батыстық бұл термин барлығына таныс болды. Осындай тағамдарды пайдалану ұрпақтың генотипіне келеңсіз әсер етуі мүмкін.
Мұндай тамақтарды жеу кейінгі ұрпақ генотипіне кері әсер етуі әбден мүмкін.
Тұтастай алғанда, бұдан барлық Батыс зардап шегуде – семіздік, қандағы қант мөлшерінің ұлғаюы, жүрек аурулары, көру, есту, қозғалыс органдарындағы ақаулар. Мұның бәрі фаст-фудтың шірік залалдары. Батыстық тағамдар – гамбургерлер, хот-догтар, картоп фриі, газдалған сусындар мен осы сияқты тамақтардың калориясы жоғары, құрамында май мен қант өте көп мөлшерде.
Батыстық тез тамақ дайындайтын өндіруші алпауыттар өздерінің рецептерін қатаң құпияда ұстауы тегін емес. Егер қарапайым адамдар рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдермен тіпті жеуге жарамсыз тамақтардың фаст-фудты дайындауда қолданылатынын білсе, олар бұдан бас тартар еді.
Мұндай тағамның пайдасы оның сыртқы сипаты мен жасанды дәміне бағытталған. Гамбургерді ықыласпен жейтіндердің одан алатын барлық калориялары ешқандай пайда әкелмейді. Керісінше, артық май жиналуына әкеледі.
Сонымен бірге, фаст-фуд – холестериннің қоры. Бұл дегеніміз, адам өміріне қауіп төндіретін, ракты тудыратын канцерогендер. Бұл – ағзаның тәуелділігін тудыратын, біртіндеп улануына әкеліп соқтыратын, қауіпті әрі айқындалмаған улы заттар. Тіпті, бұл гендік деңгейде де белең алуы мүмкін.
Кез келген батыстық адамға тез дайындайтын ресторандағы тамақтан гөрі үйде дайындалған фаст-фуд қауіптірек. Бұл тағам 2-3 минут ішінде қайнатылған суда дайындалады. Бұған көп ешкім мән бере бермейді, алайда, ол – ерекше назар аударуды қажет ететін өте күрделі мәселе.
Батыстық қоғамға фаст-фуд мәселесінің ішімдік пен темекі проблемаларымен қатар тұратындығын объективті түрде мойындау қажет.
Айырмашылығы сол – темекі мен ішімдік жапсырмаларымен салыстырғанда фаст-фуд пакеттерінде денсаулыққа зиян келтіретіні ескертілмейді. Бұл батыстық мәдениеттің құлдырауына әкеледі, батыс қоғамын түрлі вирустық патологиялық ауруларға шалдықтырады, адамгершіліктен ада болу, қарапайым этикалық нормаларды жоғалтуға соқтырады.
Болашақта фаст-фуд индустриясы мен ойын-сауық саласының заманауи үрдістермен дамыған жағдайында келешек батыс ұрпағын күрделі мәселелер – семіздік, емі жоқ аурулар, мәдени тығырық және т.б. күтуде.
Біздің сайлауалды тұғырнамамыз батыстық жалған мәдени құндылықтарды қабылдамауға негізделген.
Қазақстан халқы біздің ұстанымдарымызды қолдайды деп үміттенеміз!
Жариялау ақысы ОСК арқылы республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Т.Ы.Сыздықовтың сайлау қорының есебінен төленді.