АСТАНА. 30 маусым. Шымкентте «телефон лаңкесі» ұсталды. 1963 жылғы ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 273 бабы («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» хабарлады.
Оқиға 29 маусым күні сағат 23:30-да орын алған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің кезекшілік бөліміне телефон соққан белгісіз ер азамат бірнеше адамды тұтқынға алғанын, бес қабатты үйге мина қойғанын айтып, аталған департаменттің жоғары өкілетті офицерімен кездесуін талап еткен. Сондай-ақ, ол ақша мен ұшақ қажет екенін айтып, қаладағы түрмеден жазасын өтеп жүрген бірнеше сотталған азаматты босатуын талап еткен.
Ішкі істер басқармасының бастығы Данияр Мейірханның айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің генералы Асқар Оспанов және басқа жоғары өкілетті офицерлердің басшылығымен бір жарым сағат жүргізілген іс-қимылдар кезінде күдікті сыртқа шығарылып, сол жерде ұсталды.
Айта кетейік, қойылған бомба туралы телефон хабарламасынан кейін 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Олардың арасында бес қабатты үйдің тұрғындары мен екі дәмхананың және сол маңдағы шағын маркеттердің келушілері мен қызметкерлері болған. Мұнан бөлек қоршалған орында арнайы операция аяқталғанша көлік қозғалысы тоқтатылып, коммуникациялар ажыратылған.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: «ҚазАқпарат».
• 30 Маусым, 2015
Шымкентте тұрғындарды кепілге алған күдікті ұсталды

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20