Маңғыстауда шаңды дауыл наурыздың 28-і күні кеште басталды. Көз көрсетпейтін ақ шаң, әсіресе, Шетпе, Ақтау, Жетібай, Жаңаөзен үстін тұмшалап алған. Секундына 25 метрлік жылдамдықпен ұйтқи соққан суық жел мен оған ілесе алақұйын болған шаң адамдардың жүріп-тұруына, көліктердің қозғалысына кері әсерін тигізуде. Ал тұрғындардың хабарлауынша, «Маңғыстаудың қыры» саналатын Бейнеу ауданының кейбір аумақтарына қыс қайта оралып, аяздан су қатып, үскірік бет қаратпай тұрды.
Қатты желдің және жолды анық көрсетпей бүркеп алған шаңның әсерінен жексенбі күні Жетібайдағы вахталық жұмысына бара жатқан жұмысшыларды тиеген автобус аударылса, Мұнайлы ауданында екі жеңіл көлік соқтығысып қалды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Ал осы күні Құрық ауылындағы 1988 жылы салынған, бірақ осыдан бірнеше жылдар бұрын күрделі жөндеуден өткен №6 орта мектептің шатыры ұшып кеткен. Ұшқан шатыр көлемі 1070 шаршы метрді құрады. Тығыз шаруа болмаса, жолға, тіпті көшеге шығудың қауіптілігі туындады. Осыған орай, құқық қорғаушылар жол-көлік қатынастарының қауіпсіздігі шараларын шұғыл қолға алды.
– Наурыз айының жылы болып өткен бірінші жартысынан кейін, Маңғыстау облысына тән, әсіресе, көктем маусымында қайталанғыштығы жоғары синоптикалық жағдай орын алды. Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыған скандинавтық қуатты суық антициклон ағыны еліміздің батыс аймағында тұрақтады. Сондай-ақ, жоғары қысым әсерінен суық арктикалық шептердің облыс көлеміне ығысуы, ауа температурасының күрт төмендеуіне әкеліп соқтырды. Келесі тәулікте, 31 наурыз күні Қара теңізден жылжыған циклонның әсерінен Ақтау қаласы және облысымызда аздаған қар аралас жауын-шашын күтіледі, түнде ауа температурасы 0-5 ºС, кей жерлерде -8 ºС дейін болмақ, дейді инженер-синоптик Д.Илиясова.
Маңғыстауда жел мен шаң таңғаларлық құбылыс емес, алайда, бұл жолғы шаңның түрі бөлек болып тұр. Соңғы екі-үш жылдан бері жауын-шашыны жеткіліксіз болып, жері жұтаң тартқан өңір тұрғындарын көктемнің ала шаңмен басталуы абыржытып отыр.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.
Суретті түсірген
Талант ҚҰСАЙЫН.

Президенттің Жапонияға ресми сапары мазмұнды әрі нәтижелі болды - Руслан Желдібай
Президент • Бүгін, 18:58
Токио бағыты: Қазақстан дипломатиясындағы жаңа маневр
Сұхбат • Бүгін, 17:46
Шымкентте науқастың бүйрегін емдеп, қайта өзіне салды
Шымкент • Бүгін, 17:24
Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 16:54
Допинг дауынан кейін Әлімханұлына қатысты шешім шықты
Спорт • Бүгін, 16:33
Балалар құқықтарын қорғау комитеті жаңа алаяқтық туралы ескертті
Қоғам • Бүгін, 16:18
Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді
Медицина • Бүгін, 15:51
Алматы қалалық күрес федерациясы 2025 жыл үздігі атанды
Алматы • Бүгін, 15:38
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты, қаза тапқандар бар
Әлем • Бүгін, 15:20
Президент 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады
Президент • Бүгін, 14:58
Банктің мобилді қосымшасын бұзған: 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:39
Денсаулық сақтау саласының үздік 7 көрсеткіші аталды
Денсаулық • Бүгін, 14:20
АҚШ Сирияда әскери операция бастады
Әлем • Бүгін, 13:52
Бюджет қаражатын жымқырды: Жетісу облысында мәдениет үйін жөндеу үшін 212 млн теңге рәсімделген
Жемқорлық • Бүгін, 13:19
Қыста мұз қатпай тұрып өзен-көлдерге шыққандар айыппұл төлейді
Қоғам • Бүгін, 12:58