Кеше көне Тараздан арман қала Астанаға қарай керуен шықты. Нақтырақ айтсақ, Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген жүк көліктер керуені. Бұл жолы жамбылдық диқандар Астана қаласына 24,5 млн. теңгені құрайтын 115 тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкетті.
– Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы және «Тараз» ӘКК» АҚ-тың ұйымдастыруымен тамыз айының 22-сі мен қыркүйек айының 22-сі аралығында Астана қаласында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланған, – дейді бұл жөнінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұралиев. – Осыған орай Астана қаласына 10 тонна ет өнімдері, 2 тонна сүт, 5 тонна шұжық, 57 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері жөнелтілді. Одан бөлек, облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары, атап айтсақ, ара балы, қымыз, макарон өнімдері, өсімдік майы бар. 6 рефрижератор көлігіне тиелген тауарларды 30 сатушы алдағы демалыс күндері Астана қаласының тұрғындарына 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынатын болады.
Міне, жамбылдық диқандар осындай жомарттық танытып отыр. Тегінде тонналап жинаған өнімдерді тиімді, шығынсыз сату да үлкен еңбек. Бұл жағынан келгенде бұл сауда екі жаққа да тиімді болып тұрғаны тағы анық.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Жамбыл облысы.
Суреттерді түсірген
Ақәділ РЫСМАХАН.

Боранға байланысты қай жолдар жабылды?
Ауа райы • Бүгін, 09:55
Алматыда есірткінің ірі көлемін саудалағандар ұсталды
Заң • Бүгін, 09:50
Су қоймаларының құрылысы қалай жүріп жатыр?
Қоғам • Бүгін, 09:42
Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Цифрландыру дәуірінде балалардың көзін қалай қорғауға болады?
Балалар • Бүгін, 09:17
Конституцияда адам капиталы – негізгі басымдық
Саясат • Бүгін, 09:00
Көлік саласындағы келелі істер
Саясат • Бүгін, 08:55
Пікір • Бүгін, 08:50
Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек
Экономика • Бүгін, 08:45
Индустриялық аймақтар өркендеп келеді
Экономика • Бүгін, 08:40
Цифрлық таңбалау – сапаны қадағалау
Экономика • Бүгін, 08:35
Ғалымдар мәртебесі айқындалады
Үкімет • Бүгін, 08:32
Руханият • Бүгін, 08:30
Текті әулеттен шыққан өр тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:25