04 Наурыз, 2015

Қарағандыда сәбиін өлтірген анаға іздеу жарияланды

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-03-15-baibosynova-1

ҚАРАҒАНДЫ. 4 наурыз. Алматы облысының тұрғынына өзінің төрт айлық сәбиін өлтірді деген күдікпен мемлекетаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға ақпан айының соңында болған. Дәлірегі, 25 ақпан күні кешкілік Қарағанды қаласы 30-шағын ауданында орналасқан «Аян» сауда үйінің маңындағы күл-қоқыс контейнерінен денесінің бірнеше жерінен салынған пышақтан қайтыс болған нәрестенің мәйіті табылды. Тергеушілер баланың анасы Алматы облысының тұрғыны Назгүл Байбосынова (суретте) екенін анықтады. Оған өзінің төрт айлық қызы Меруертті өлтірді деген күдік келтірілді. Нәрестенің әкесі полицейлерге сол күні таңертең жұмыс іздеу үшін үйден шығып кеткенін, қайтып келгенінде үйден әйелін де, баласын да таппағанын айтты. Оның уәждерін жұмыс берушілер мен сол күні көріскен таныстары да куәгер ретінде расқа шығарып отыр. Құқық қорғаушылар әуелгіде сәбиді әкесі өлтірді деген болжам жасаған, бірақ қосымша деректерден кейін күдік баланың анасына ауды. Бұлар заңды некеде тұрмаған екен. Ал көршілері жас ата-ананың табысы орташа отбасы екенін, үйлерінен ешқашан жанжал шықпағанын айтты. Айқын Несіпбай. Дерек, фото: Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті.