Саясат • 16 Мамыр, 2015

Египеттің экс-президенті Мухаммед Мурси өлім жазасына кесілді

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16-05-2015-mursi 01АСТАНА. 16 мамыр. Египеттің қылмыстық соты бұрынғы президент Мухаммед Мурсиді өлім жазасына кесті. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Экс-президенттің аты мемлекетке сатқындық жасағандардың тізімінде болған жоқ. Ол өлім жазасына 2011 жылы түрмеден қашқаны үшін кесілді. Египет соты Мурсимен қатар, «Мұсылман бауырлар» қозғалысының бірқатар көшбасшыларына да үкім шығарды. Олардың барлығы мемлекетке сатқындық жасағаны және шет елдің пайдасына тыңшылықпен айналысқаны үшін айыпталған. Одан бөлек, 2011 жылғы қаңтар көтерілісі кезінде жаппай түрмеден қашқандары үшін жауапқа тартылған. Сол кезде түрмеден 106 адам қашқанын айта кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: РИА «Новости». Сурет: rt.com.

Соңғы жаңалықтар