АСТАНА. 16 мамыр. Бүгін хоккейден Чехияда жалауын желбіреткен әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекелері өтеді. Әзірге бір ойынның нәтижесі белгілі. Аталған сында Чехияны 2:0 есебімен жеңген Канада өз тарихында 38-рет финалға жолдама алды. Топтық кезеңде қос команда арасындағы ойын Канаданың пайдасына 6:3 есебімен аяқталғанын айта кетейік. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Канада – Чехия 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
Ойын аса тартысты өтті. Кездесудің 9-минутында Канада хоккейшілері есеп ашты. Екінші кезеңде солтүстікамерикалықтар есепті еселеді (30-минут). Матчтың бұл бөлігінде қос команда да екі мәрте кіші айыппен жазаланған еді. Алайда, командалар өздеріне берілген мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал үшінші кезең тең жағдайда өрбіді. Нәтижесінде ойын соңына дейін есеп өзгерген жоқ.
Жалпы, кездесуде канадалықтар 41 соққы жасаса, Чехия ойыншылары 23 мәрте қарсыластарының қақпасын нысанаға алған.
Канада хоккейден әлемдегі ең азулы құрамалардың бірі екені белгілі. Осыған дейін әлем чемпионатын 24 мәрте жеңіп алған команда өздерінің 25-ші «алтынына» сенімді қадам басып келеді. Дегенмен, олар 2009 жылдан бері «алтын» тұрмақ, жүлдеге де іліге алмай жүр. Сол жылы әлемдік доданың күміс жүлдесіне қол жеткізген Солтүстік Америка өкілдері өткен жылы 5-орын алған болатын.
Топтық кезеңнен бері жеңілмей келе жатқан Канада финалда АҚШ пен Ресей арасындағы матчтың жеңімпазымен күш сынасады. Аталған ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:15-те басталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: eurosport.ru.

«Махаббат, қызық мол жылдардағы» Майра
Зерде • Бүгін, 08:15
Білім • Бүгін, 08:13
Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?
Экономика • Бүгін, 08:10
Кітапханаға арналған кешенді жоба
Кітапхана • Бүгін, 08:07
Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап
Саясат • Бүгін, 08:05
Мессидің хет-тригі Аргентина құрамасына жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 08:05
Өндіріс • Бүгін, 08:02
Пікір • Бүгін, 08:00
Шойынжол бекеттері қайта жанданды
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Ербол Жолданғар: Өзгеріс тиімділігімен бағаланады
Сұхбат • Бүгін, 07:55
Солтүстік экономикасындағы серпіліс
Саясат • Бүгін, 07:50
Теміржол инфрақұрылымы жаңару жолында
Саясат • Бүгін, 07:45
Жеңіл өнеркәсіпті өркендету жайы пысықталды
Үкімет • Бүгін, 07:40
Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05