Шығыс өңірі маржандарының бірі – Алакөл. Шипалы су шарапатының даңқы жыл санап артып келеді. Сәйкесінше, көл жағалауындағы инфрақұрылым да жақсарғанына куә болып жүрміз. Жақында Үржар ауданының 75 ардагері Алакөл жағалауындағы «Үржарайым» демалыс лагерінде тегін демалды. Былтыр аталған демалыс үйінде 50 қария демалған болатын. Келер жылы демалушы қарттар қатарын биылғыдан да көбейту көзделіп отыр. «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» атты ардагерлердің басқосуы мен демалысына Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин ұйытқы болды. Аудан басшысы аталған шараның ашылуында ардагерлерге мемлекет тарапынан зор көңіл бөлінетінін, Алакөл жағалауындағы демалыс соның бір айғағы екенін атап өтті. Ауданның 27 ауылдық округінен келген ардагерлер қатарында ұзақ жылдар бойы туған елі мен жерінің дамуына үлес қосқан қарттар, соғыс және еңбек ардагерлері, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері бар.
Бір аптаға созылған демалыс маусымында жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетіп, ардагерлер дәрігерлік тегін тексеруден өтті. Сондай-ақ, ауыл кітапханаларының қызметкерлері қарияларды әдеби кітаптармен қамтамасыз етсе, аудандық спорт бөлімі ардагерлер арасында шахмат, дойбы және басқа да спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырды. Ал аудан өнерпаздары күнделікті мерекелік концерт ұсынды.
Аталған шарада облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Василий Ахаев Ұлы Отан соғысынан кейінгі ел экономикасын оңалтуға айтарлықтай үлес қосқан тыл және еңбек ардагерлерінің қоғамдағы орны зор екенін, бүгінде ардагерлерге мемлекет тарапынан әлеуметтік жеңілдіктер, түрлі шипажайларға денсаулықтарын түзетуге жолдамалар беріліп жатқанын жеткізді.
– Бұл – өскелең ұрпақ үшін тағылымы мол шара. Өңіріміздің ардагерлері бас қосып, жігерлі жастық шақтарын еске алысып, арқа-жарқа болып жатыр. Таяуда Астанада өткен семинар-кеңеске қатыстым. Жиында жергілікті атқарушы органдар мен ардагерлер ұйымдарының өзара іс-қимылын өрістету жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді. Бүгін осы шараның іс жүзіне асырылғанына куә болып отырмыз, – деді Василий Иванович.
«Үржарайым» демалыс кешенінде бір-бірімен қауқылдасып, әзілдесіп, арқа-жарқа отырған қарияларды сөзге тарттық. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрланбек Сандыбаев, Ақшоқы ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ниязхан Жұмаділов бүгінде Үржардың үр мекенге айналып, гүлденіп, көркейіп келе жатқанын атап өтсе, Қарабұлақ ауылының ақсақалдары Махади Рахимов, Әбілхамит Ысқақов ұзақ жылғы еңбекті ескеріп, ақысыз-пұлсыз демалыс ұйымдастырған аудан басшылығына алғыстары шексіз екенін жеткізді. Науалы ауылының тұрғыны Тілеухан Оразиманова 10 бала өсіріп, тәрбиелеген «Ардақты ана», «Алтын алқа» иегері екен. Елу жыл бойы мал шаруашылығында еңбек еткен әже 25 немере-шөбере сүйіп отырғанын, ел аман, жұрт тыныш болса, жанға барақат та болатынын айтты.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы.

Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47