АСТАНА. 31 наурыз. Алматы қаласы Алатау аудандық соты Қылмыстық кодекстің 164-бабы бойынша айыпталған Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты үкімді жариялады. Азаматшаны Алматы қаласының тұрғындары ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыптаған болатын. Бұл туралы radiotochka.kz хабарлады.
Сот Талғат Мақұлов жариялаған үкім бойынша Шевцова-Валова шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Соның 3 жылы сынақ мерзімі екенін айта кетейік. Сондай-ақ, сотталушының арнайы мемлекеттік органдарға ескертпей елден шығуға және тұрғылықты жері мен жұмыс орнын ауыстыруға құқы жоқ. Одан бөлек, сот кезінде кеткен шығын үшін ол 48 500 теңге төлеуі тиіс.
Бұл үкімге қарсы болған Шевцова-Валова апелляциялық-және касациялық сотқа шағымданбақ. Оның айтуынша, өзіне тағылған айып дәлелденбеген. «Бұл алдын ала жоспарланған дүние. Маған қарсы қолданылған скринсуреттер қолдан жасалған. Мұның артында орыс ұлтына қарсы және ұлтаралық араздықты қоздырушы адамдар тұр. Көрсетілген скринсуреттер мен жазбаларға менің қатысымның бары дәлелденген жоқ. Филологиялық сараптама да жалған суреттер негізінде жасалды», – дейді сотталушы.
Ал шағымданушылар үкімнің әділ болғанын айтуда. Олардың бірі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Еліміздің біртұтастығына сызат түсіргісі келген кез келген адам жазалануы тиіс. Себебі, бір халыққа қатысты ауыр сөз айту тұтас ұлтқа кір келтіреді. Сондықтан әлеуметтік желілерге жазатын дүниелерімізге ерекше мән беруіміз керек. Мына жағдай көпшілікке сабақ болады деп ойлаймын», – деді.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың көктемінде Алматы қаласының 11 тұрғыны қалалық ішкі істер департаментіне Татьяна Шевцова-Валованың үстінен шағым түсірген болатын. Арызданушылардың айтуынша, азаматша әлеуметтік желілерде ұлтаралық араздықты қоздырумен айналысқан. Осы іске байланысты алғашқы сот отырысы 12 қаңтарда өтті.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: radiotochka.kz.
• 31 Наурыз, 2015
Ұлтаралық араздықты қоздырған азаматша жазасын алды

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026